09.03.2022, 18:45 49986
Шипп Тоқаевқа судьяларды іріктеуді жетілдіру шаралары туралы баяндады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Президентке Жоғары сот кеңесінің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, соның ішінде судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы және судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибенің жағдайы туралы мәлімет берілді. Денис Шипптің айтуынша, Кеңестің қызметі заманауи HR тәсілдерін кеңінен қолдануға және заңгерлер қоғамдастығы өкілдерін белсенді түрде тартуға мән бере отырып, ашықтық пен шынайылық қағидаттары бойынша жұмыс істеуге негізделген.
Судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттеледі.
Бұл ретте, соңғы жылдары былтыр алғаш рет сот жүйесінің қатарын толықтырған судьялардың саны, жұмыстан кеткендерден басым болғаны байқалды. Осылайша, сот корпусына бірінші рет 103 адам тағайындалып, 90 судьяның өкілеттігі тоқтатылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот кадрларын барынша жаңартуды және сот жүйесіне тәжірибелі мамандарды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың перспективті бағыттары баяндалды. Судьяларды іріктеу мәселелері бойынша заңға енгізілген қосымшаларды іске асыру аясында биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.
Кеңес жұмысының ашықтығын одан әрі арттыру мақсатымен заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.04.2024, 16:57 451
Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Достарға айту
Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы егіншілік уақытында жүргізу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мiндеттi орындау үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң ұзақ уақыт бойы шектелген қарыз қаражатына қол жеткiзуi тиiс.
Егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге 2024 жылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 140 миллиард теңге, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ арқылы 40 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы қаражатты ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудағы тапшылық шамамен 1,3 триллион теңгені құрайды.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының Үкіметі егіс науқанын қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат бөлу арқылы қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады.
Осы мақсаттарға Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлініп, ол қарыз несиелерінің құнын төмендетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелеріне кепілдік беруге бағытталады.
Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық бірден 5% несие қаражатын беруге және жеткілікті кепілдік болмаған жағдайда несие сомасының 85% дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Ереже жобасы бүгін жергілікті атқарушы органдар мен Орталық мемлекеттік басқару органдарына келісу үшін жіберіледі.
Сондай-ақ бүгінде азық-түлік корпорациясын қосымша қаржыландыру үшін "Азық-түлік корпорациясы" 200 мың тонна астықты тауарлық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 10:36 10821
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтінен.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 10:30 11086
Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
Достарға айту
ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті.
Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.
Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң,
есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.
Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50% - дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.
Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.
Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.
Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады.
Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 17:22 26426
Тасқынға қарсы төселген құмқаптар жиналады
Достарға айту
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде тасқынға қарсы төселген құмқаптарды экологияға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№" - деп сұрады БАҚ өкілі.
Бауыржан Сыздықов журналист айтқан құмқаптар қазіргі күйінде қалмайтынына сендірді.
Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады", - деді Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 17:15 26656
Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғын үй, 18 мыңнан астам саяжай мен 1 мың аула аумағы, сондай-ақ 91 ғимарат су астында қалып отыр
32 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы шараларға қатысуды жалғастыруда
Достарға айту
ҚР Үкіметінің отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов өңірлердегі ағымдағы су тасқыны жағдайы және елді мекендерді су тасқынынан қорғау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Бауыржан Сыздықов атап өткендей, қазіргі уақытта Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жалғасуда. Еліміздің батысында Ириклин су қоймасынан (Ресей) Жайық өзеніне су құюылуына байланысты жағдай күрделене түсті. Республиканың солтүстігінде су Ақмола облысынан келеді.
Абай, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Министрдің мәліметінше, бүгінде 5 мыңнан астам тұрғын үй, 18 мыңнан астам саяжай мен 1 мың аула аумағы, сондай-ақ 91 ғимарат су астында қалып отыр.
Су тасқынының салдары ауқымды болды, елді мекендерге зиян келтірді. 10 облыста 41 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Абай мен Павлодар облысының 3 ауданында ТЖ режимі алынып тасталды",---- деді Шыңғыс Әрінов.
Оның айтуынша, ТЖ аймақтарындағы елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруге және көлік байланысына қатысты.
Вице-министр су тасқынын жою басталғаннан бері шамамен 11,6 млн текше метр еріген қар суы сорылғанын, 5 млн астам бірлік қаптар салынғанын хабарлады.
Құтқару және шұғыл жұмыстар кезінде жаңа әдістер мен тәсілдер алғаш рет енгізілді. Мысалы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату, қысқа мерзімде су бұру арналарын салу. Бұл көлік қатынасын қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді", - деп атап өтті.
Су басу аймақтарынан барлығы 119 мыңға жуық адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 44 мыңнан астамы бала. Зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру бойынша барлық мәселелер сол жерде жедел шешіледі, азаматтар ешнәрседен мұқтаждық көрмейді. Қажет болған жағдайда оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Құтқарушылар босанған әйелдерді де құтқаруға мәжбүр болған жағдайлар болды, олардың барлығы ауруханаларға аман-есен жеткізілді. Иелері тастап кеткен жануарларды да қиын жағдайда қалдырмады", - деп атап өтті вице-министр.
Ол құтқарушылар мен тартылған барлық қызметкерлер тәулік бойы әрі өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда төтенше жағдайды жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ жұмылдырылған.
Апаттық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін 10 өңірде көптеген арнайы және басқа да техникалар жедел түрде пайдалануға шығарылды.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдіктер зардап шеккендерге материалдық шығынды есептеп, төлеп жатыр. Біз су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастырамыз, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 16:12 28956
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін Digital курстар оқытылады
Онлайн-жобаға 18-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар еліміздің кез келген азаматы қатыса алады
Достарға айту
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін Digital курстар оқытылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік тапсырыс аясында "ITeachMe" қоры мемлекеттік Бірыңғай грант операторының қолдауымен мүгедектігі бар жас қазақстандықтарды СММ-копирайтинг және мобилография курстарын оқыту үшін ITM Academy республикалық жобасын іске қосты.
Онлайн-жобаға 18-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Іріктеуден өткен 60 студент екі айға созылатын тегін курстан өтеді. Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ымдау тілдерінде қолжетімді. Студенттер курсты аяқтаған соң өз жобаларын қорғайды.
ITeachMe" қорының басшысы Захира Бегалиеваның айтуынша, оқудан кейін студенттер тез арада жұмысқа тұра алады.
Біздің оқушыларымыз түрлі компанияларда оффлайн немесе онлайн жұмыс істей алады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мүгедектігі бар адамдарға біраз кәсіби қолдау қажет. Сондықтан оқуды бітіргеннен кейін біз алдымен түлектерді өзіміздің СММ-агенттігімізге жұмысқа аламыз. Олар сәл бейімделіп, тәжірибе жинағаннан кейін басқа компанияларға орналастырамыз", - дейді Захира Бегалиева.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтарды оқытуға арналған бұл курстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүргізіледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 15:59 29406
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленеді
Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың, батыс өңірлердің, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әкімдерінің су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысы атап өткендей, елімізде су тасқыны жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады.
Жұмыс уақытында ТЖ аймақтарынан барлығы 119 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бүгінде Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда.
Үкімет басшысы Министрлер Кабинетінің назарын су тасқыны кезінде зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу жұмыстарына аударды. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды.
Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.
Сонымен қатар Премьер-Министр кейбір өңірлерде су басу қаупі әлі де сейілмегенін атап өтті. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне әкімдіктермен бірге су тасқынына байланысты жағдайға бақылауды күшейтуді жалғастыру және және қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Экология министрлігі су объектілері мен өзендерде гидробекеттер санын ұлғайтуы қажет.
Өңір әкімдіктері су басқан үйлерді, ғимараттар мен нысандарды тез арада техникалық тексеруді аяқтасын. Су кеткен жерлерде көпке созбай, тасқыннан кейінгі тазарту, дезинфекциялау және қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажет", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тұрғын үйлерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жергілікті жерлердегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін жедел топ құру тапсырылды.
Құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты жоспары қажет. Бұл жағдай бізге инфрақұрылымды жаңартуға, елді-мекендерді көріктендіруге жаңаша көзқарасты қалыптастырады. Оның үстіне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Таза Қазақстан" ауқымды акциясы басталды. Баршаңызға Президенттің сөзін естеріңізге салғым келеді, бұл бір реттік акция немесе науқан емес, тұрақты жұмысқа айналуы керек. Бұл елді-мекендерді көріктендіруге қатысты жаңаша көзқарас қалыптастырады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 15:52 30051
Отбасы банкінде жаңа ипотекалық бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қандай болатындығы белгілі болды
Достарға айту
ҚР Үкіметінің отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Министрдің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешу үшін қосымша механизмдер әзірленген. Оларға: дайын тұрғын үйді сатып алу, сатып алынатын тұрғын үйді өз бетінше таңдау мүмкіндігі, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың құнын төлеу, сондай-ақ стандартты емес жобаларды пайдалану мүмкіндігі жатады. Саяжай нысандарының иелері де бұл жалғыз баспанасы болған жағдайда, тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Бүгінде әкімдіктер жаңадан игерілетін жер телімдерін іріктеу жұмыстарын жүргізуде. Ақтөбе облысында үйлердің құрылысы басталды. Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында зардап шеккен отбасылар жаңа баспананың кілтін алып жатыр. Бұл жұмыс өзге өңірлерде де жалғастырылады.
ҚР ӨҚМ мәліметінше, жалпы соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн шаршы метрге жуық жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген. Барлық қаржыландыру көздерін ескере отырып, 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.
2030 жылға қарай барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 111 млн шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысы жоспарлануда, бұл 1 млн-нан астам отбасыны жаңа баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, Үкіметтің 2024 жылы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарланған көлемі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды енгізумен 15,5-тен 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайтылды.
Осылайша, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 339 млрд теңгеге 22 мыңнан астам пәтер сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы 110 млрд теңге сомасына 10 мың несиелік пәтер салу жоспарлануда.
6 сәуірде Президент қол қойған кәсіпкерлік мәселелері туралы заң жобасы аясында әкімдіктерге нарықта несиелік тұрғын үй салуға ғана емес, сонымен қатар сатып алуға да құқық берілді, бұл қаражат айналымы арқасында тұрғын үй көлемін жыл сайын ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді министр.
Бұл ретте 7 мыңға жуық несие беруге жылдық 2 және 5%-дық мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотека беруге 81 млрд теңге бөлінді. 9%-дық мөлшерлемемен "Отау" ипотекалық бағдарламасы бойынша 150 млрд теңгеге 8 мың несие беруді көзделген.
Сонымен қатар 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр, оның аясында 300 млрд теңгеге 12 мың несие беру жоспарлануда. "7-20-25" бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңға жуық несие беріледі.
Осылайша, биылғы жылы тұрғын үй құрылысын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді, соның нәтижесінде 64 мың азамат тұрғын үй жағдайын жақсарта алады", - деп мәлімдеді министр.
Министр Президенттің Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында айтқан тапсырмалары аясында Үкіметке сатып алу құқығымен ұсынылатын жалға берілетін тұрғын үй көлемін айтарлықтай ұлғайтып, жаңа жеңілдікті бағдарламаны іске қосу керектігін еске салды.
Осы жұмыс аясында әкімдіктер жеке құрылыс салушылардан ең жоғары тұрғын үй алаңы 80 шаршы метрді құрайтын бастапқы тұрғын үйлерді сатып алады. Үкімет мамыр айында тиісті стандарттарды бекітті, ендігі кезекте сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерді сатуды қаржыландыру жұмыстары басталады. Бұл ретте ҚР Мәжілісінде кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беретін заң жобасы қаралуда.
Сонымен қатар "Отбасы Банкі" мамыр айынан бастап әлеуметтік жағынан осал азаматтар үшін жылдық 7%-дық мөлшерлемемен 20%, ал қалған санаттағы азаматтар үшін 9%-дық мөлшерлемемен бастапқы төлемі бар жаңа жеңілдетілген бағдарламаны іске қосады. Бірінші жылы 300 млрд теңге сомасында 12 мың несие, одан кейін жыл сайын 200 млрд теңгеден 8 мың несие беру жоспарлануда.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесіне тоқталған министр еліміздің 8 өңірінде 39 проблемалық объект бар екенін хабарлады. Оларды аяқтау үшін мемлекет қаржыландыруды бөлу және инвесторларды табу бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Осылайша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Астанада 9 үлестік құрылыс объектіні аяқтап, 484 отбасыға кілт беру жоспарлануда.
ҚР ӨҚМ талдау нәтижелері бойынша салынып жатқан 581 үлестік құрылыс объектісі анықталды, оның ішінде 421-і үлескерлердің қаражатын заңсыз тартып, рұқсатсыз салынуда.
Проблемалық объектілердің көбеюіне жол бермеу үшін мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары әзірленді. Оларға: алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу, айыппұл санкцияларын ұлғайту (300-ден 2000 АЕК-ке дейін), үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу, салынып жатқан тұрғын үйді қолма-қол қаражатсыз сатып алуға тыйым салу. Бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.04.2024, 10:30Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА 24.04.2024, 10:36 10801Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 10:59 2391Су басқан аймақтардағы үйлеріне қайтқан азаматтардың саны 31 мыңнан асып жығылады24.04.2024, 11:06 2076Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтар анықталды24.04.2024, 11:08 1821Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған
18.04.2024, 12:51 107476"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 103451Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102726Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 97816Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94051Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121261Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121001Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107476"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 105871Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103451Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді