08.09.2025, 09:29 20881

Түркістан облысында Көксарай контрреттегішінің бас гидроторабын механикалық тазарту жұмыстары басталды

Түркістан облысындағы "Қазсушар" РМК филиалы Көксарай контрреттегішінің бас гидроторабында механикалық тазарту жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта нысаннан лай мен құм арнайы техника арқылы шығарылып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұл жұмыстар тасқын кезеңінде еріген суды қауіпсіз өткізу үшін жүргізілуде. Көктемгі кезеңде Арал теңізін толтыру және Қызылорда облысының егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Көксарай контрреттегішінен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу басталады", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Көксарай контрреттегішінің сыйымдылығы - 3 млрд текше метр. Нысанның негізгі мақсаты - Сырдария өзені бассейнінде су тасқынының алдын алу, Шардара су қоймасына түсетін еріген су көлемін реттеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйелерді тұрақты сумен қамтамасыз ету.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны