15.03.2021, 19:04 9777

Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы пайда болды

Тоқаев "Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Жарлыққа қол қойды.
Нұр-Сұлтан. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны