17.05.2022, 19:32 20906
Темір жолдарға иелік ететін 25 компания мемлекет меншігіне өтеді
Сурет: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Достарға айту
Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.
Бүгінгі таңда республикалық меншікке бірқатар кәсіпорын мен мекеменің акциялары мен қатысу үлестері қабылданды. Атап айтқанда, "Көлік сервисі орталығы" АҚ мүлкінің құрамында ұзындығы 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол желілері қабылданды.
Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы темір жол инфрақұрылымы саласында делдалдарды болдырмауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ комиссия отырысында Жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер) 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар Комиссия ЖЖМ нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.
Премьер-Министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.03.2023, 19:12 19186
ҚР ОСК Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
Достарға айту
Сайлау қорытындысы бойынша алты партия Мәжіліске өтеді
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.
Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы - 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы - 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы - 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;
6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
Бәріне қарсымын" - бағаны - 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 18:06 6616
Қазақстан Президенті Ақпараттық доктринаны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету болып табылады
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілсін", - делінген Жарлықта.
Жарлық мәтініне сәйкес, осы доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін, қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық саясатты құру болып табылады.
Бұл ретте доктрина ақпараттық саланың барлық қатысушыларының мынадай негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайды:
сөз бостандығы. Доктрина қазақстандықтардың бірлігі мен топтасуының негізгі факторы ретінде сөз бостандығы мен пікір алуандылығын қорғау қағидатын ұстанады;
ақпаратқа қол жеткізу. Доктрина әрбір азаматтың мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында бекітілген ақпаратты заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқығынан туындайды;
дамуға бағдар. Доктринаның негізгі міндеттерінің бірі бүкіл ақпараттық кеңістіктің үздіксіз дамуы мен сапалы өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ отандық медиа өнімдерінің бәсекеге қабілетті болуы мен азаматтар арасында сұранысқа ие болуын арттыру болып табылады;
сенім және құпиялылық. Ақпаратты трансляциялайтын медиалық процеске қатысушылар, оның ішінде БАҚ бұрмалау және манипуляция жасау элементтерінсіз объективті және анық ақпарат беруге мүдделі болуға тиіс. Барлық шаралар коммуникативтік процестің барлық қатысушылары арасында сенім деңгейін арттыруға бағытталуға тиіс. Бұл ретте доктрина әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық жеке және отбасылық құпия, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау құқығын қолдайды;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұлттық ақпараттық кеңістікті дамыту және бәсекеге қабілетті отандық медиасаланы қалыптастыру сыртқы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мен олардың салдарын төмендетудің шешуші факторы, сондай-ақ саланың орнықты дамуының базалық шарты болуға тиіс.
Осы доктрина қазіргі заманғы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру философиясы мен рухын көрсететін тұжырымдамалық құжат болып табылады.
Доктринаны іске асыру құжатта баяндалған көптеген проблемаларды шешуге, ықтимал тәуекелдердің алдын алуға және осы жоғары серпінді салада жүйелік саясатты жолға қоюға мүмкіндік береді.
Доктринада мәлімделген ақпараттық саладағы қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарының сақталуы елдің медиасаласын жаңа сапалық, бәсекеге қабілетті даму деңгейіне шығарады.
Доктринаны іске асырудың қорытындысы әлемдік медиа нарығының органикалық және тең дәрежелі бөлігі ретінде отандық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру болуға тиіс.
Азаматтық қоғам институттарын, БАҚ пен Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің басқа да субъектілерін белсенді түрде тарту доктринаның мақсаттарына қол жеткізу мен міндеттерін іске асыруға ықпал ететін болады. Қоғамдық институттардың саналы және жауапты қолдауы болмаса, толыққанды ақпараттық егемендікті қамтамасыз ету мүмкін емес.
Қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға ықпал ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада ақпараттық саясаттың векторы мен мазмұнын айқындайтын негізгі алынатын құндылықтар осы доктринаның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.
Доктрина жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетігін жетілдіруге, ақпараттық процестің барлық қатысушылары арасында тиімді коммуникациялар жүйесін құруға мүмкіндік береді, Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында ақпараттық саланың міндеттерін шешуге ықпал ететін болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Қазақстанда ақпараттық кеңістікті сыртқы әсерлерден қорғау доктринасы әзірленгені белгілі болды.
Жарлық жобасында доктрина қоғамның мүдделеріне жауап беретін және мемлекеттің одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық көзқарастарын айқындайтын, ақпараттық-коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және қоғамдық қатынастарды дамытатын болады деп атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 17:04 19296
Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Заң келісімшарт бойынша қызметшілер институтын заңнамалық тұрғыдан бекітуді көздейді
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында Сенат депутаттары пленарлық отырыста бірінші оқылымда заң жобасын қабылдады.
Заң ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін келісімшарт бойынша мемлекеттік орган тартатын келісімшарттық қызметшілер институтын заңнамалық бекітуді көздейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сенімін жоғалтуына байланысты Президенттің шешімі бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкін деген нормаларды енгізу көзделеді.
Заңда мемлекеттік қызметшілерді ротациялау кезінде тұрғын үйді жалдау мақсатында ротациялық төлемдер енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 11:43 26106
Шетелдегі сайлау учаскелеріне келу 72,54% құрады - СІМ
Дауыс беруге шетелде жүрген 8800 ҚР азаматы қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға шетелде жүрген сайлаушылардың 72,54% дауыс беруге келді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады", - деп хабарлайды СІМ.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды.
19 наурызда Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша exit poll алдын ала нәтижелері жарияланды. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың алдын ала қатысуы 54,19% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 10:09 26721
Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Түзетулер бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қалпына келтіруді көздейді
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Салық кодексіне енгізілген түзетулер бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қалпына келтіруді, режимді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануды ұсынуды көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты: қызмет түрлерін қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбесімен кеңейту; салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету; мәслихаттарға мөлшерлеменің 50 пайызға, яғни 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету құқығын беру; заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша 8% деңгейінде мөлшерлеме белгілеу ескерілген.
Сонымен қатар, өзгерістер банктер мен МҚҰ-ның стресстік активтеріне әсер етеді.
20.03.2023, 11.20 толықтырылды
"Атамекен" ҰКП түсіндіргендей, арнайы салық режимін жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады. Бөлшек салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлемеде төленетін болады. Бұл ретте мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бойынша құқық берілген, бірақ 50 пайыздан аспайды.
Сондай-ақ, бөлшек салықты қолданатын кәсіпкерлер қызметкерлердің кірісінен бірыңғай төлем төлей алады.
"Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бөлшек салықты тұрақта енгізуді енгізуді шағын және орта бизнес өкілдерінің көпшілігі күткен.
Бүгін бізбен бірге мыңдаған кәсіпкер қуанып жатыр деп ойлаймын. Өйткені олар алынған табысқа қарамастан ҚҚС бойынша есепке тұрмайды. Бөлшек салық ҚҚС шегі бойынша проблеманы шешті. ҚҚС шегіне байланысты мыңдаған кәсіпкер 20 мың АЕК-тен аспау үшін "сұр аймаққа" кетуге мәжбүр болды. Енді бөлшек салықты қолдана алатын қызмет түрлерінің тізімін жасау қалды. Ұлттық палата ретінде біз бұл тізімге мүмкіндігінше көп қызмет түрін енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деді Райымбек Баталов.
Ұлттық палатада еске салғандай, Қазақстанда бөлшек салық COVID-19 пандемиясы кезінде уақытша қолданысқа енгізілді. Содан кейін микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында 114 қызмет түрі бойынша 3% мөлшерлемемен бөлшек салықтың арнайы салық режимі енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 09:36 27321
Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
Сурет: Telegram/pressmfakz
Достарға айту
Сайлаушылардың келуі 74% құрады
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сайлаушылардың келуі 74% құрады", - деп хабарлады ҚР СІМ.
Бұған дейін хабарланғандай, 19 наурызда Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Қазақстан азаматтары шетелде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Қазақстанның шетелдік мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.
Сайлау қорытындысы бойынша exit poll алдын ала нәтижелері жарияланды. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың алдын ала қатысуы 54,19% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 08:23 27751
Мәжіліс сайлауы: exit poll нәтижелері жарияланды
Достарға айту
Exit poll алдын ала нәтижелері бойынша, Мәжіліске бес партия өтеді
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Exit poll алғашқы қорытындылары жарияланды.
Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сауалнама жүргізген. Оған 30 мың сайлаушы қатысты. Оның қорытындысы бойынша респондеттердің 53,46%-ы "Amanat" партиясына дауыс берген. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын сайлаушылардың 10,52%-ы таңдаған. Ал "Respublica" болса - 8,90% дауыс жинаған. азаматтардың- 6,25% Қазақстан Халық партиясына , сайлаушылардың 3,22%-ы "Байтақ" жасылдар партиясын таңдаған. "Ақ жол" демократиялық партиясы болса - 7,87% дауыс жинаған. Сондай-ақ, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,31% сайлаушылардың таңдауына іліккен. Ал дауыс беруге қатысқандардың 4,47%-ы бәріне қарсымын деп таңдау жасаған. Айта кету керек, сайлаудың нақты қорытындысын орталық сайлау комиссиясы 7 күн ішінде жариялайтын болады, деп хабарлайды Хабар 24.
EXIT POLL: "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметі
Ал "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметі бойынша таңертеңнен бері 300 сайлау учаскесінде сауаланама жүргізілді. Оған барлығы 12 мың сайлаушы қатысты. Exit poll: қорытындысы бойынша респонденттердің 53,33 пайызы "AMANAT" партиясына дауыс берген. 11,26 пайыз "Ауыл" партиясын таңдаған. "Respublica" партиясы - 8,33 пайыз дауыс жинады. Ал Қазақстан халық партиясы - 6,93 пайыз. Сондай-ақ, Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,51 пайыз дауыс. "Ақ жол" партиясы сайлаушылардың 8,87 пайызы дауыс берді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,12 пайыз дауыс.
EXIT POLL: Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының нәтижесі
Сондай-ақ "СОЦИС-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өздері жүргізген Exit poll нәтижесін жариялады. Мұнда сайлаушыларға "қай партияға дауыс бердіңіз" деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың 54,42%-ы "Аманат" партиясын таңдағанын айтқан. "Ауыл" партиясын - 10,21%, ал Respublica партиясын - 8,79% сайлаушы таңдады. "Ак жол" партиясы болса - 8,21% Қазақстан халық партиясы - 6,89%, ЖСДП партиясына 4,91%-ға дауыс берді. "Байтаққа" 2,17% дауыс берсе, 4,40% сайлаушы бәріне қарсы деген бағанды таңдаған.
EXIT POLL: Еуразиялық интеграция институты
- "Amanat" партиясы - 53,46%
- "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%
- "Respublica" партиясы - 8,90% Қазақстан Халық партиясы - 6,25%
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22%
- "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31%
- Бәріне қарсымын - 4,47%
EXIT POLL: "ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫ" ғылыми-зерттеу қауымдастығы
- "Amanat" партиясы - 53,33%
- "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 11,26%
- "Respublica" партиясы - 8,33% Қазақстан Халық партиясы -6,93 %
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,51% "Ақ жол"
- Қазақстанның демократиялық партиясы -8,87 %
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,12%
- Бәріне қарсымын - 3,65%
EXIT POLL: "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты
- Amanat партиясы - 54,42%
- "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,21%
- "Respublica" партиясы - 8,79%
- "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,21%
- Қазақстан Халық партиясы - 6,89%
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4,91%
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,17%
- Бәріне қарсымын - 4,40%
Бұған дейін хабарланғандай, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың алдын ала қатысуы 54,19% құрады.
Ақпарат көзі: 24.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2023, 22:31 28121
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына алдын ала қатысуы 54,19% құрады
Достарға айту
Дауыс берудің алдын ала нәтижелері дүйсенбі күні белгілі болады
Астана. 19 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. 6 521 860 адам дауыс берді. Дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығару дүйсенбі күні, 20 наурызда жоспарланып отыр.
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Қала бойынша сайлауға қатысу:
1. Абай облысы бойынша - 57,02%
2. Ақмола облысы бойынша - 60,01%
3. Ақтөбе облысы бойынша - 58,00%
4. Алматы облысы бойынша - 60,03%
5. Атырау облысы бойынша - 51,23%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 59,20%
7. Жамбыл облысы бойынша - 65,21%
8. Жетісу облысы бойынша - 55,32%
9. Қарағанды облысы бойынша - 59,48%
10. Қостанай облысы бойынша - 65,10%
11. Қызылорда облысы бойынша - 67,21%
12. Маңғыстау облысы бойынша - 54,10%
13. Павлодар облысы бойынша - 58,68%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 65,25%
15. Түркістан облысы бойынша - 53,01%
16. Ұлытау облысы бойынша - 58,99%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 64,15%
18. Астана қаласы бойынша - 42,91%
19. Алматы қаласы бойынша - 25,82%
20. Шымкент қаласы бойынша - 45,46%
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген болатын. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлау өткізіледі.
Айта кету керек, биылдан бастап мәжілісті қалыптастыру тәртібі өзгерді. Осы сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша өткізіледі. Биыл Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалды-мажоритарлық үлгіге көшу, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық заң шығарушы орган палаталарының бірін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге көшіру жүзеге асырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
22.03.2023, 00:20Nomad Stunts тобының өнері
16.03.2023, 13:27 45716Премьер-Министр Қазақстан-Қытай шекарасында көліктердің өтуін жеделдетуді тапсырды16.03.2023, 18:24 43756ГЭС құрылысын Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрлері талқылады17.03.2023, 08:49 42221Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жариялайды17.03.2023, 09:23 42056Алматы облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылды17.03.2023, 09:48 41706Қазақстанда банктер депозиттер бойынша өтемақы төлей бастады
03.03.2023, 11:22 86571Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды02.03.2023, 12:45 82976Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр03.03.2023, 10:34 82951Қазақстанда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды03.03.2023, 10:04 78066Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті03.03.2023, 08:20 76176ТХКБ шеңберінде қазақстандық учаскесінде транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есеге қысқарды