08.12.2022, 14:36 35306
Тоқаев 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Сурет: видеодан кадр
Достарға айту
Астана. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.02.2023, 09:50 451
Қазақстанда полиция қызметкерлерін тексеру жүріп жатыр
Қазақстанда полиция қызметкерлерінің парасаттылығы тексерілуде, деп хабарлайды Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Астана. 6 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. 2023 жылы оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында құқық қорғау және сот органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check енгізу тетігін пысықтау көзделген. 11 қаңтарда ІІМ алқа отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасының іске қосылғанын хабарлады.
ІІМ мәліметтері бойынша, ең алдымен күнделікті халықпен байланыста болатын бөліністердің қызметкерлері тексеруден өтті. Бұл патрульдік полиция, ювеналды полиция, көші-қон қызметі, учаскелік полиция пункттерінің, модульдік және стационарлық бекеттердің, фронт-офистер мен кезекші бөлімдердің қызметкерлері.
Бастапқы кезеңде азаматтармен қарым-қатынас құру, қызметкерлердің олардың өтініштеріне жедел әрекет ету қабілетін тексеруге баса назар аударылды. Сондай-ақ қызметкердің сыртқы түрі, яғни нысандық киімі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қызметтік планшеттерді, бейнетіркегіштерді, жетондарды, автокөліктерді мақсатты пайдалануы бағаланды. Қаңтар айында Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілді", - деп хабарлады ведомствода.
Жоба іске қосылған қысқа мерзімге қарамастан тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Өтініштерге жедел қызмет көрсетіле бастады, қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс және сыпайы жауап беруге ұмтылуда. Бұл қызмет көрсету моделінің принциптеріне сәйкес келеді.
Сонымен қатар тексеру профилактикалық тұрғыдан да әсер етті.
Өткен айда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны едәуір өсті.
Мысалы, тек Астана қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзудың жалпы саны 23 800-ге дейін жетті.
Полицейлер тексерулер туралы біле отырып, барлық өтініш берушілерден ықтимал тексерушілерді көріп, өздерінің міндеттерін адал орындайды", - деп атап өтті полицияда.
Сондай-ақ, пилоттың басталуымен полиция қызметкерлерінің оларға пара беру әрекеттері туралы хабарлауы да артты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай фактілердің саны 3 есеге жуық өсті.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, сондай-ақ олардың қызметтік автокөліктері мен үй-жайлары ақпаратты автоматты түрде жедел басқару орталықтарына жіберетін заманауи фиксаторлармен жабдықталған.
Лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға бағынбау мен қарсылық көрсетуге жол берілмейтіні туралы хабарлаймыз. Жыл басынан бері осындай 19 факт, сондай-ақ билік өкілін қорлаудың 44 фактісі тіркелді. Азаматтарды заңға бағынуға және заңсыз әрекеттерді жасамауға шақырамыз. Бопсалау жағдайында ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметіне немесе 1402 сенім телефонына дереу хабарлау қажет", - деп атап өтті ведомствода.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2023, 09:02 1116
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады
Мемлекет басшысы тиісті Өкімге қол қойды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана. 6 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы 1980 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. "Мемлекеттік және жергілікті басқару" профилі бойынша PhD докторы.
Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған.
2001-2005 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің оқытушысы;
2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратында қызмет атқарған;
2013-2014 жылдары - "Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат Басқармасы" ММ-нің басшысы;
2015-2016 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарған;
2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры.
2018 жылдың мамыр айынан бастап - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы.
2019 жылдың тамыз - 2020 жылғы ақпан айлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы.
2020 жылдың ақпан - 2021 жылғы мамыр айлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры лауазымын атқарады.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерекелік медальмен марапатталды.
Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 11:12 28281
ҚР СІМ басшысы Бахрейн Корольдігіне алғашқы ресми сапарын жасады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда одан әрі өзара іс-қимылдың нақты бағыттары көрсетілетін болады
Манама. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бахрейн тарапы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапарына ерекше мән берді. Министрді Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл-Халифа қабылдап, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді.
М. Тілеуберді сұхбаттасын Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруының жаңа кезеңімен таныстырды. Өз кезегінде Король ҚР-дің қазіргі даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан халқының игілігі үшін жүргізіліп жатқан Президент реформаларына қолдау білдірді.
Қазақстан-Бахрейн саяси өзара іс-қимылының даму серпінін ескере отырып, тараптар диалогты жоғары деңгейде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында көліктік-логистикалық мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға келісті. Сондай-ақ, әлемдегі халықаралық жағдай, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасу болды", - деді СІМ баспасөз қызметі.
Премьер-Министрдің орынбасары Халид бин Абдулла Әл-Халифамен келіссөздер барысында тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жолдарын қарастырды. Қазақстандық тарап Бахрейн Таяу Шығыстағы еліміздің маңызды серіктесі екенін атап өтті.
Өзара саяси қолдаудың арқасында біз қазір өзара сенім мен белсенді ынтымақтастыққа негізделген достық қарым-қатынастамыз", - деді М.Тілеуберді.
Тараптар екі елдің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін оң бағалады, бұл ретте сауда-экономикалық саладағы қолда бар әлеует толық көлемде пайдаланылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда одан әрі өзара іс-қимылдың нақты бағыттары көрсетілетін болады.
Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заянимен кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың барлық мәселелері талқыланды. Министрлер өзара қызығушылық тудыратын аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. "Орталық Азия - Шығанақ араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" диалогтық платформасы шеңберінде өңіраралық кооперацияға ерекше назар аударылды.
Бахрейн тарапы екіжақты қатынастар тарихындағы Қазақстан СІМ басшысының Бахрейнге алғашқы ресми сапарын оң бағалап, оның барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Сапар бағдарламасы Бахрейннің Сауда-өнеркәсіп палатасындағы келіссөздермен аяқталды. СӨП Төрағасы Самир Насс және Бахрейн бизнес топтарының өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру жолдары, сондай-ақ "Астана" Халықаралық қаржы орталығы мен Бахрейннің Халықаралық ислам қаржы нарығы арасындағы ынтымақтастық қаралды. Бизнесмендер арасындағы тікелей байланыстарды ынталандыру және ынтымақтастықтың перспективалы салаларын айқындау үшін екі ел арасында Іскерлік кеңес құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар өзара сауданы кеңейтуге және инвестициялар көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 10:17 29231
Смайылов: Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының әлеуетін белсенді дамыту қажет
Екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалог Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отыр
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан ЕҮАК отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, транзиттік және екіжақты жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды, шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жоспарларды және басқа да бірқатар тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов ҚР мен РФ арасында экономикалық кооперация қарқынды дамып, өзара сауда-саттық деңгейі арта түскенін және бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын айтты. Бұл ретте екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалогтың Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді.
Кездесуде өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскені айтылды. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды. Бұған қоса құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Бұл Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының зор әлеуетін көрсетеді, біз оны белсенді түрде қолдап, дамытуымыз қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Өз тарапынан Михаил Мишустин екі ел үкіметтері тұрақты байланыста екенін және өзара мемлекетаралық байланыстардың аса маңызды міндеттерін уақытылы шешіп отырғанын атап өтті.
Негізгі басымдықтарымыздың бірі - Қазақстанмен қарым-қатынасты әрі қарай нығайта түсу. Біздің ынтымақтастығымыз достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық принциптеріне негізделген. Екі ел арасында өзара сауда-саттық табысты дамып келеді. Бұл ретте біз өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, көлік және басқа да салаларда жаңа өндірістік тізбектер құруды жеделдету маңызды деп санаймыз", - деді Михаил Мишустин.
Бір күн бұрын Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Қатысушылар ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 09:10 29981
Тоқаев кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Шақыру 2023 жылдың наурыз - маусым және қыркүйек - желтоқсан айларында болады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын", - делінген құжатта.
Бұдан басқа, Президент "Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын" деп Қаулы етті.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді тапсырылды.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 19:11 35346
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Жиналғандар ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауда
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Шараға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.
Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.
Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін", - деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесу өткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 15:06 38041
Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды
Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда
Достарға айту
Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл туралы Digital Almaty форумы барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі "Алматы - Смарт-сити" құру болып табылады. Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда. Алматының одан әрі дамуы үшін маңызды жобалар қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың бірыңғай деректер қоймасы, геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді қала әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2023 халықаралық форумында.
Ерболат Досаев Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып отырғанын атап өтті. Қазір қалада мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі әрі бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.
Былтыр шілдеде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі бойынша Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді. Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake - бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық "Ақылды қалалар" байқауының финалисті атанды", - деп еске салды әкім.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2-3 ақпанда цифрландыру бойынша Digital Almaty V Халықаралық форумы өтуде. Форумда елдегі технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелер көрсетіледі.
Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. саладан 100 жаңа жоба ұсынылады.
Бұған қоса, IT саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Дәстүр бойынша форум аясында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін сайыс өтеді. Жүлде қоры $18 000. Форум екі күнге жалғасады.
3 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді, оның басты тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациядағы жаңа технологияларды дамыту болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 14:44 38186
Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ең жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ол ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін атап өтті
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауымдастықтың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Исламбек Салжановтың айтуынша, Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ және Асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінің федерациялары қауымдастық аясына біріктірілген. Сонымен қатар ұлттық спорттың дамуына сараптама жасалып, жеке-жеке респубикалық федерациялармен институционалдық тұрғыда жұмыс жүргізіле бастаған.
2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге берген Қазақстанның өтінімін былтыр қыркүйек айында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы бірауыздан қолдады.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы елімізде өтетін ауқымды шараны сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының айтуынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт шараларымен шектелмеуі керек. Аталған халықаралық спорт сайысы қолөнер, туризм, қызмет көрсету саласы сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін де тиімді ұйымдастырылып, кәсіптерін ілгерлетуге жағдай жасалуы қажет.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін атап өтті және ат спорты ойындарындағы қауіпсіздік мәселесін қарастыруды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар Түркиядағы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан чемпион атанды. Сондай-ақ, біздің құраманың жоғары сынама медалін қазақша күрес өкілі Марат Нығматуллаев алып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.02.2023, 09:02Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады 06.02.2023, 09:23 641Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды06.02.2023, 08:46 256"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының матчында ЦСКА-ны жеңді06.02.2023, 09:50 86Қазақстанда полиция қызметкерлерін тексеру жүріп жатыр
30.01.2023, 15:54 59356Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ02.02.2023, 09:50 54976ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді02.02.2023, 10:27 52691Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз тиеген ауыр жүк көліктерінің шекарада кешігуіне қатысты түсініктеме берді30.01.2023, 10:25 52546Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды02.02.2023, 12:39 52151Артық құрылымдар оңтайландырылуда - Қаржы министрлігінің басшысы Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жабылуына қатысты түсініктеме берді
26.01.2023, 13:29 65931Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды12.01.2023, 13:34 65576Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады26.01.2023, 11:42 65176Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады12.01.2023, 12:02 65146Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 12:49 64411ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды