20.10.2021, 17:24 35317

Тоқаев Қарағанды облысына келді

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады.
ҚАРАҒАНДЫ. 20 ҚАЗАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар "Қазақмыс" компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны