17.09.2021, 21:11 11611
Тоқаев Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынды
Достарға айту
Қазақстан гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын. Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы бүкіл әлемде және Душанбедегі саммит алаңдарында кеңінен талқыланып жатқан ауған мәселесіне арнайы тоқталды.
Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды. Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді", – деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.05.2026, 10:36 13161
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:26 13666
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Достарға айту
Президент Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасып, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз еткенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге шынайы ризашылық сезіммен тағзым етеміз. Қасіретті жылдардың барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынға айрықша құрмет көрсетеміз.
Еліміз ортақ Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасты, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етті. Жүзден астам жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық кавалері атанды, бес жүз адам Батыр атағын алды, ондаған мың азамат жауынгерлік ерлігі және қажырлы еңбегі үшін марапатталды.
Біз аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз. Жаужүрек сардарлар мен сарбаздардың құрметіне мемориалдар орнатылды, кітаптар шығарылып, фильмдер түсірілді, сондай-ақ көшелерге, мектептерге, музейлерге, әуежайларға, әскери бөлімдер мен институттарға ел қорғаған ерлердің есімі беріліп жатыр.
Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру - бүгінгі буынның қасиетті парызы. Біз ержүрек майдангерлердің қайтпас қайсарлығы мен асқақ рухының арқасында дербес әрі бейбіт елде өмір сүріп келеміз, сондай-ақ, төл мәдениетімізді дамытып, қазіргі заманның игілігін сезініп отырмыз.
Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біз жаңа Конституция ережелеріне сәйкес Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ата заңымыз ешкімді ұлтына, наным-сеніміне қарай бөліп-жармайды, барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бірдей қорғайды.
Ұлы Жеңіс күні - ең алдымен, жауынгерлік ерлігі мен жігерлі еңбегінің арқасында мамыражай заманға жеткізген батырларымыздың есімін ел жадында жаңғырту күні. Бұл - ұлан-асыр тойға емес, мәнді әрі мағыналы ойға шақыратын мереке.
Халқымыздың бейбіт өмірге және өсіп-өркендеуге ұмтылысының айқын көрінісі іспеттес көк байрағымыз әрдайым ашық аспан астында желбіресін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 12:33 13431
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берді.
ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.
Олжас Бектенов облыс активімен кездесуде Мемлекет басшысының атынан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 жылда 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетті. Инвестиция тарту, әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды салу және жаңғырту, абаттандыру және басқа да салалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Премьер-министр облыс активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырып, Президенттің Қызылорда облысы басшылығының алдына бірқатар басым міндет қойғанын атап өтті. Бұл - бірінші кезекте Мемлекет басшысының бастамасымен елімізді әрі қарай жаңғыртуға бағытталған, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту сынды өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық реформаны жүзеге асыру.
Президенттің бастамасымен елімізде маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілуде. "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасының нәтижелі жүзеге асырылуы осы отырған бәрімізге байланысты екенін айтқым келеді. Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуын үнемі назарда ұстап келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құрылым мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.
Өңір басшылығы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі керек. Президенттің бастамасымен Қызылорда қаласында қуаты 240 МВт болатын жаңа газ ЖЭО-сы салынып, пайдалануға берілді, ол халықтың электр және жылу энергиясына деген сұранысын толығымен жабуға мүмкіндік береді. Ірі энергетикалық жобаға 215 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілді, оған республикалық бюджеттен 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
АӨК саласында ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін оңтайландыру және су үнемдеу технологияларын енгізу міндеттерінің маңыздылығы атап өтілді.
Кәсіпкерлік белсенділікті қолдау арқылы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және олардың өңір экономикасындағы үлесін одан әрі арттыруға назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 24,7%-ды құрады.
Сондай-ақ талдау және бюджет қаражатын тиімді жұмсау бойынша тәжірибені жалғастыру қажет. Қызылорда облысында кейінгі 4 жылда әлеуметтік салада 100 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Үнемделген қаржы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 09:04 41551
ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты.
Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау - қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие. Салтанатты жиынның Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ескерткіші жанында өтуінің символдық маңызы зор. Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты", - деді облыс әкімі.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде бүгінгі сарбаздар мен офицерлер - осы даңқты жолдың лайықты жалғастырушылары екендігін жеткізді.
Одан соң жемісті еңбек етіп жүрген әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2026, 17:32 88876
Отын-энергетика кешеніне ЖИ технологиялары енгізілуде
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиында Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, Астық консорциумы және "Ascle" ІТ стартап басшылығы баяндама жасады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешені секторларындағы ЖИ жобалары туралы айтып берлді.
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында министрлік отын-энергетика кешеніне жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта министрлік жаһандық вендорлар, салалық компаниялар және Жасанды интеллект шешімдері бар IT-компаниярдың қатысуымен AI-альянс құрды. Сонымен қатар отандық бағдарлама өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Astana Hub резиденттерімен Жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп сынақтан өткізу және енгізу бойынша меморандумдар жасалды. Бүгінгі таңда 45 жобадан тұратын портфель жасақталды, оның 10-ы сараптама сатысында, 27-сі әзірлену сатысында және 8-і іске қосылу сатысында", - деді ол.
Оған бірінші мысал - мұнай өндіру саласында жасанды интеллектіні практикалық қолдану. Бұл - ұңғымаларды онлайн бақылауға арналған интеллектуалды жүйе. Жүйенің негізгі міндеті - ұңғымалардың көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде талдау. Жасанды интеллект проблемалық учаскелерді анықтайды, жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуларды тіркейді, мұнай өндіру көлемін болжайды және мамандарға тиімді шешім қабылдауға көмектеседі.
Пилоттық жобаны енгізу бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар базасында жүзеге асырылды. Күтілетін нәтиже - ұңғымалардың тоқтап қалу уақытын 20%-ға дейін қысқарту және жылына 1 млрд теңгеге дейін экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
Айта кету керек, бұл жүйе - қазақстандық өнім. Оның экспорттық әлеуеті бар. Қазіргі уақытта жүйені халықаралық нарықтарға, оның ішінде АҚШ нарығына шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Келесі мысал - мұнай өнімдерінің айналымын талдау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Бұл жүйе нарық қатысушыларынан келетін цифрлық деректерді біріктіреді. Жасанды интеллект мұнай өнімдерінің қозғалысын талдайды, өңірлер бойынша қор көлемін болжайды және артық қор немесе тапшылық тәуекелдерін алдын ала анықтауға көмектеседі. Бұл жеткізілімдерді нақты жоспарлауға, логистиканы үйлестіруге және басқарушылық шешімдерді уақытында қабылдауға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже - жоспарлау дәлдігін 85%-ға дейін арттыру және жылына 22,5 млрд теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу. Айта кету керек, бұл Жасанды интеллект моделі де - қазақстандық өнім. Ол "ҚазМұнайГаз" бен Қазақстан-Британ техникалық университетінің ынтымақтастығы мен AI SANA бағдарламасы аясында жасалған", - деді энергетика министрі.
Үшінші мысал - кен орнын тиімді басқару үшін жасанды интеллектіні қолдану. Бұл жерде геологиялық және гидродинамикалық модельдерді талдайтын, нақты уақыт режимінде деректерді тексеретін, кен орындарын игеруді оңтайландыруға көмектесетін және мұнай алу коэффициентін арттыратын Жасанды интеллект платформасы туралы сөз болып отыр. Жүйені өндірістік енгізу "ҚазМұнайГаз" активтерінің портфеліне кіретін 12 кен орнын қамтиды. Күтілетін экономикалық тиімділік 2030 жылға қарай 2,9 млн тонна қосымша өндіру есебінен 326,3 млрд теңгеге дейін құрайды. Бұл жүйе - "ҚазМұнайГаздың" меншікті өнімі және басқа мұнай өндіруші ұйымдардың кен орындарында кеңінен тарату әлеуеті бар.
Төртінші мысал - өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдану. Жүйе өндірістік нысандардағы бейнеағындарды автоматты түрде талдайды. Нақты уақыт режимінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтайды. Бұл бақылауды күшейтуге, оқиғаларға жылдам әрекет етуге және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны министрлік жетекшілік ететін ұлттық компаниялардың объектілеріне енгізу көзделген. Күтілетін нәтиже - өндірістік оқиғаларды 78%-ға дейін төмендету және жылына 2,84 млрд теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу", - деді Ерлан Ақкенженов.
Бесінші мысал - табиғи газ тұтынуын болжау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Жүйе мобильді қосымша арқылы газ есептегішінің көрсеткіштері мен сериялық нөмірін фотосурет арқылы автоматты түрде таниды. Бұл тұтынушыларға деректерді газбен жабдықтаушы ұйымға тез әрі қатесіз жіберуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жасанды интеллект моделі газ тұтынудың ұзақ мерзімді болжамын жасайды. Бұл газ жеткізуді жоспарлау және басқару сапасын арттырады. Күтілетін нәтиже - деректерді беру дәлдігін 86%-ға дейін арттыру, сондай-ақ газбен жабдықтау операторының шығындарын оңтайландыру есебінен жылына 300 млн теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу.
Алтыншы мысал - Біртұтас энергетикалық жүйені басқару үшін жасанды интеллектіні қолдану. Жүйе деректерді нақты уақыт режимінде талдауға және диспетчерлердің жедел шешім қабылдауына көмектесуге арналған. Жасанды интеллект моделі электр жүктемесін болжайды, ықтимал бұзушылықтарды анықтайды және энергожүйедегі оқиғаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны енгізу KEGOC базасында жүзеге асырылуда. Жоба - қазақстандық өнім және AI Governance Cup конкурсының жеңімпазы. Күтілетін нәтиже - инциденттерге әрекет ету уақытын 30%-ға дейін қысқарту. Алдын ала консервативтік есептеулер бойынша экономикалық әсер жылына 200 млн теңгеге дейін болуы мүмкін", - деді спикер.
Жетінші мысал - жаңартылатын энергия көздері объектілерінің генерациясын болжау үшін жасанды интеллектіні қолдану.
Жүйе ауа райы деректерін, бұрынғы генерация көрсеткіштерін және нысандардың қазіргі жұмыс жағдайын ескере отырып, электр энергиясын өндіру көлемін бір тәулікке алдын ала болжайды. Пилоттық жобаны енгізу KEGOC және "Самұрық-Энерго" объектілерінде жүзеге асырылуда. Өнімді алдағы уақытта барлық ЖЭК генерациясы нысандарында кеңінен қолдануға болады. Нәтижесінде жаңартылатын энергия көздердің нақты өндіріс көлемінің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын 25%-ға дейін төмендету, сондай-ақ генерацияны дәл жоспарламаудан туындайтын шығындарды азайту есебінен жылына 1,2 млрд теңгеге дейін үнемделеді.
Сегізінші мысал - жылу желілерінің жағдайын диагностикалау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Бұл - акустикалық резонанс әдісін қолдана отырып, құбыр ішіндегі диагностиканы жүргізетін роботтандырылған кешен. Жасанды интеллект моделі алынған деректерді талдайды, жылумен жабдықтау нысандарының техникалық жағдайын бағалайды, ақауларды анықтайды және апат қаупін алдын ала болжайды. Пилоттық жобаны енгізу Шымкент қаласындағы "Қуатжылуорталық-3" объектісінде жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта жоба кеңінен тарату кезеңінде. Өнімнің экспорттық әлеуеті бар. Оны Өзбекстан нарығына шығару бойынша жұмыс жүргізілуде. Шымкент қаласындағы пилот қорытындысы бойынша маңызды нәтиже алынды: жөндеу жұмыстарына арналған бюджетті 75%-ға дейін қысқарту және жылына 887 млн теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу", - деді министр.
Ұсынылған жобалар жасанды интеллекттің отын-энергетика кешенінде іс жүзінде қолданылып жатқанын және нақты нәтиже беріп отырғанын көрсетеді. Отандық әзірлемелерді қолдауға ерекше назар аударылуда. Көптеген шешімдер қазақстандық компаниялар тарапынан әзірленуде және оларды кеңінен қолдануға әрі экспортқа шығаруға мүмкіндік бар. Министрлік жасанды интеллект шешімдерін енгізуді жеделдету, табысты жобаларды кеңінен тарату және отын-энергетика кешенінде жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану үшін қажетті жағдайлар жасау жұмысын жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2026, 16:26 89076
Smart Cargo цифрлық платформасының арқасында Қазақстанда шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Көлік-логистика саласына ЖИ енгізу процестерді жеңілдетуге, шығындарды азайтуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Үкімет отырысында цифрлық жобаларды жүзеге асыру туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Баяндама барысында министр Smart Cargo - мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін біріктіретін цифрлық платформа екенін, жүк туралы барлық мәліметтер QR-код арқылы қолжетімді болатынын атап өтті.
Жасанды интеллекті құжаттарды автоматты түрде тексереді, маршруттарды құрып, қозғалысты бақылайды және қажетті рұқсаттарды анықтайды. Нәтижесінде шекарадан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады. Теміржол саласында жасанды интеллектке негізделген 10-ға жуық жобалар жүзеге асырылуда. Соның негізгісі - KinetiX диагностикалау жүйесі. Бұрын диагностика қолмен жүргізіліп, 2 сағатқа дейін уақыт алатын және адам факторына тәуелді болатын. Қазір жүйе вагондарды 9 негізгі параметр бойынша автоматты түрде, нақты уақыт режимінде тексереді. Нәтижесінде диагностика 8 минутқа дейін қысқарды", - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар ол автомобиль көлігі саласында жүк тасымалын интеллектуалды бақылау жүйесі енгізіліп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше жасанды интеллекті көлік маршруттарын анықтайды, салмақ өлшеу станцияларымен деректерді салыстырады, бұзушылықтарды анықтайды және автоматты түрде сигнал береді. Бұл салмақ бақылаудан айналып өту жағдайларын жояды және жолдардың тозуын азайтады.
Министрліктің ішкі процестерін трансформациялауға ерекше назар аударылған. Бұл жұмыс Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп жүргізілуде. Қазір көп уақыт құжаттарды қолмен өңдеуге кетеді және 30 күнге дейін уақыт алады. Жасанды интеллекті енгізілгеннен кейін бұл мерзім 3 күнге дейін қысқарады.
Біздің міндет қызметкерлерді қолмен өңдеуден босатып, талдау және шешім қабылдау деңгейіне көшіру. Сонымен қатар бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесі е-Көлік қалыптасуда. Платформа QazTech базасында құрылады және барлық көлік түрлерін біріктіреді. Бұл деректерді жинауға, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Әлемдік бағалау бойынша көлік саласы деректердің ең ірі генераторларының бірі. Осыған байланысты жасанды интеллекті оларды өңдеудің негізгі құралына айналады. Е-Көлік саланы алдын ала басқаруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2026, 15:43 167091
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Израиль Президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2026, 15:23 89316
Қазақстанда ЖИ саласында кадрлар даярлаудың бірыңғай реттеуші моделі енгізілді
Достарға айту
Экономика салаларында жасанды интеллектіні енгізуге жоғары білім беру жүйесінің арнайы модельі қалыптастырылуда. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында QS халықаралық агенттігімен бірлескен зерттеу қорытындылары және оқытудың жаңа стандарттары туралы хабарлады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша осы әлеуетті жүзеге асыру үшін кадрлар даярлау мақсатында қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылған. Жасанды интеллекті пәндері барлық студенттер үшін, мамандығына қарамастан, міндетті болып енгізілді. Жасанды интеллектіні қолданудың жоғары оқу орындары арасындағы стандарты бекітілді.
Білім беру процесінде жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қабылдады. Диссертацияларды дайындау кезінде жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына толықтырулар енгізілді. Оқытушылар үшін жасанды интеллект саласында біліктіліктілікті міндетті түрде арттыру енгізілді. Барлық жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша KPI көрсеткіштері бекітілді. Осылайша, кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін реттеуші модель қалыптастырылды. Ең алдымен, технологиялық база қалыптастырылды. Академиялық суперкомпьютерлер кластері құрылып, сондай-ақ университеттердің Alem.сloud ұлттық суперкомпьютерлік кластерінің есептеу қуаттарына қол жеткізуі қамтамасыз етілді", - деп атап өтті министр.
Министрдің сөзінше елімізде жасанды интеллект бойынша 22 орталық пен зертхана жұмыс істейді. Осы негізде экология, медицина, білім беру, химия, қауіпсіздік және смарт-сити бағыттарында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Сондай-ақ еңбек нарығын талдау негізінде жасанды интеллектке байланысты жаңа мамандықтарға бағытталған 1,5 мыңнан астам білім беру бағдарламалары жаңартылып және әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша AI-Sana бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарламаның I кезеңі аясында жасанды интеллектің базалық дағдылары бойынша курстардан өткен білім алушылар 673 мыңнан астам сертификат алды. Келесі кезеңдерде негізгі міндет - кемінде 1,5 мың инновациялық жобаны қалыптастырып, оларды Astana Hub экожүйесінде одан әрі акселерациядан өткізу. AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша айтарлықтай практикалық нәтижелерге қол жеткізілді.
Студенттер тарапынан экономиканың түрлі салалары үшін 308 ЖИ-агент әзірленді. Ведомство басшысы университеттер әзірлеген бірқатар қолданбалы шешімге тоқталып өтті.
- ҰБТ өткізу және жоғары оқу орындарына түсу рәсімдері бойынша консультациялар енді талапкерлер үшін AI-Talapker интеллектуалды чат-боты арқылы қолжетімді. Бір айда чат-бот 69 мыңнан астам сұранысты өңдеді.
- AI-прокторинг жүйесі тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және бұзушылықтарды барынша азайтуға арналған. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті әзірлеген.
- OquLabs стартапының ЖИ-шешімі оқытушыларға білім алушылардың жұмыстарын тексеруді жеңілдетеді.
- Бірқатар жоғары оқу орындары мультиагенттік орта қалыптастыру деңгейіне шықты, мұнда агенттер әртүрлі функцияларды орындай отырып, біртұтас үйлесімді жүйе ретінде жұмыс істейді. Осылайша, AI-Enabled University жаңа моделі қалыптасуда. Онда жасанды интеллект жеке құрал емес, университет экожүйесінің ажырамас бөлігіне айналады.
Білім беру ортасымен қатар, жасанды интеллект ғылыми қызметке де белсенді енгізілуде. Қазірдің өзінде ғылыми сараптаманың негізгі процестерін автоматтандыруға арналған шешімдер әзірленуде. Жеке бағыт ретінде Ұлттық ғылыми кеңес мүшелеріне арналған ЖИ-көмекшіні әзірлеу қолға алынуда, ол ғылыми жобалар, жарияланымдар және ғалымдардың профильдерін талдау негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп саласына арналған жоғары оқу орындарының ЖИ-шешімдері ұсынылған. Astana IT University әзірлеген EnergyDronesAI күн панельдерін дрондар арқылы диагностикалау жүйесі жаңартылатын энергетика инфрақұрылымындағы ақауларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. KMG.AIAN ассистент-аналитигі мұнай өнімдерінің тапшылығын болжау үшін қолданылады. Қазақстан-Британ техникалық университеті әзірлеген. Smart Safety Monitor ЖИ-жүйесі шахталардағы қауіпсіздікті арттыруға және логистиканы оңтайландыруға бағытталған.
Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне арналған шешімдер ұсынылған. ZhanCare.AI телемедициналық платформасы дәрігер мен пациент арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдетіп, жасанды интеллект негізінде талдау және емдеуді басқару функцияларын қамтиды. (Astana IT University әзірлеген) CortexAI интеллектуалды жүйесі бүйрек трансплантациясы бойынша клиникалық шешімдер қабылдауға көмектеседі, медициналық бейнелерді (рентген, МРТ) талдап, патологияларды анықтайды.
Студенттер тарапынан қаржы және туризм салаларына арналған шешімдер де әзірленді. (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті әзірлеген) TrustTravel цифрлық платформасы туристік бизнесті автоматтандырып, Қазақстан бойынша саяхатты ыңғайлы, қарапайым әрі қауіпсіз етеді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әзірлеген PhishGuard AI платформасы қаржы жүйелерінің пайдаланушыларын фишинг пен цифрлық қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.
Қазақстан-Британ техникалық университеті әзірлеген KOZ AI платформасы сату бөлімінен бастап бухгалтерияға дейінгі корпоративтік процестерді кешенді автоматтандыру үшін кеңінен қолданылады.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлеген AI Startify Incubator стартаптарды онлайн-инкубациялауға арналған ЖИ-платформа болып табылады. Ол идея генерациясынан бастап жобаларды кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерде стартаптарға ЖИ-агенттерді ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 09.05.2026, 10:26 12941Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады09.05.2026, 10:36 12436Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 11:45 3996Huawei Kazakhstan 32%-дық өсімді тіркеп, 2026 жылға арналған технологиялық басымдықтарды белгіледі
08.05.2026, 09:04 40486ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:20 21901Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді09.05.2026, 10:26 12941Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 12706Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 12436Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
10.04.2026, 23:02 727626Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 474486Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474396Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474351Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 462986Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

