04.01.2023, 10:36 33571

Тоқаев Аймағамбетовты қызметінен босатып, ҚР жаңа оқу-ағарту министрін тағайындады

Ғани Бейсембаев Қазақстан Республикасының жаңа оқу-ағарту министрі болды
Тоқаев Аймағамбетовты қызметінен босатып, ҚР жаңа оқу-ағарту министрін тағайындады
Сурет: primeminister.kz
Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы қызметін атқарған Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2007 жылдары — Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.

2007-2020 жылдары — Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020-2022 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.

2022 жылғы наурыздан бастап — ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыз айынан бастап - Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны