09.05.2022, 15:45 17731

Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларын Жеңіс күнімен құттықтады

Президент өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.
Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларын Жеңіс күнімен құттықтады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАМЫР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекеттің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.
 
Қазақстан Президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны