14.09.2022, 14:57 6846

Тоқаев: "бірлігіміз – әралуандықта" қағидаты еліміздің негізгі ұстанымына айналды

Елімізде 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін жұмыс істеп жатыр.
Тоқаев: "бірлігіміз – әралуандықта" қағидаты еліміздің негізгі ұстанымына айналды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан халқы түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрін, төзімділік пен ашықтық қасиеттерін қабылдады. Сондықтан "бірлігіміз – әралуандықта" қағидаты еліміздің негізгі ұстанымына айналды", - деді Президент съезге қатысушыларды құттықтай отырып.

 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 100-ден астам этнос Қазақстанда өзара түсіністік пен келісім жағдайында өмір сүреді. 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін жұмыс істеп жатыр.
 

Мұны біздің баға жетпес байлығымыз әрі мызғымас басымдығымыз деп санаймыз. Съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты. Бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды. Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында", – деді Президент. 

 
Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны