14.10.2022, 17:04 37216

Тоқаев: біз халықтарымызды ажырату әрекеттеріне тиімді қарсы тұруымыз керек

Тоқаев: біз халықтарымызды ажырату әрекеттеріне тиімді қарсы тұруымыз керек
Сурет: Telegram/Борт №1
Астана. 14 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия - Ресей" саммиті барысында өңірдегі достықты, тату көршілікті және стратегиялық әріптестікті сақтау қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Біз өз халықтарымызды ажырату әрекеттеріне тиімді қарсы тұруымыз керек. Біздің тарихи және мәдени құндылықтарымыздың мызғымастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірлескен шаралар кешенін уақтылы қабылдау қажет. Өзекті міндет елдеріміздің жастары арасындағы байланысты нығайту, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту болып табылады", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Ол "басты хабар біздің достығымыздың, тату көршілігіміздің және стратегиялық серіктестігіміздің мызғымастығы болуы тиіс" деп атап өтті.
 

Қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді. Дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты", - деді Мемлекет басшысы.

 
Ол "өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттер басшыларына қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр" екенін атап өтті.
 

Бұл, әрине, біздің ынтымақтастығымызға нұқсан келтіреді", - деді Қазақстан Президенті.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев өңірлік қауіпсіздікті күшейту жөнінде шаралар әзірлеуді ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:РФОАХалық

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны