05.01.2022, 00:45 7111
Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Құрметті отандастар! Қадірлі ағайын! Баршаңызға тағы да айтарым: іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ, бізге өзара сенім және өзара диалог керек", - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы жастарға үндеу жолдады.
Жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі, тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты", - деп атап өтті ҚР Президенті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жылдан кейін газ бағасының литріне 120 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты Маңғыстау облысында митингтер басталды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Үкіметтік комиссия құрылды. Маңғыстау облысында газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа да бірқатар облыстарында наразылық акциялары өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.06.2023, 11:44 5801
Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Сурет: facebook/Нуржан Альтаев
Достарға айту
7 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Н.Б. Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алды деп күдіктенеді.
Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтен пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық қызметін жалғастырды.
Жалпы алғанда, олар пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды. Бұл аса ірі көлем болып саналады.
Пара Нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ Мырзахметовтың жетекшілік ететін Әлтаев салаларындағы мүдделерін жалпы қамқорлыққа алуға және лоббизм жасауға арналған.
Ол жасаған қылмыс жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, тиісті құжаттармен, заттай дәлелдемелермен, барлық қатысы бар адамдардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен расталады.
Жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, прокуратура органдарының келісімі бойынша Әлтаевтың әрекеттері ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды.
Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы бойынша мәселе шешілуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 16:31 12756
Смайылов Кубамен қысқа мерзімді визасыз сапарлар туралы келісім жасасуды ұсынды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Куба Премьер-Министрі Мануэль Марреро Круспен келіссөз жүргізді. Кездесу Сочи қаласында (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңында өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан мен Куба екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және тереңдетуге ниетті. Атап айтқанда, бұған Кубадағы дипломатиялық миссиясының толыққанды елшілікке айналғаны дәлел.
Екі ел арасындағы тауар айналымының өсу қарқыны жақсы. Осыған байланысты біз өзара сауда-экономикалық іс-қимылдың басым бағыттарын және келешектегі бірлескен жобаларды айқындау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жөн көреміз", - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Премьер-Министр екі елдің фармацевтика және биотехнология салаларындағы ынтымақтастықты дамытуда әлеуеті зор екенін айтты. Мәселен, қазіргі уақытта Қазақстан мен Кубаның тиісті компаниялары арасында өзара іс-қимыл белгілі бір деңгейде жолға қойылған.
Бұл болашақта нақты нәтижелерге әкеледі деп үміттенеміз", - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстан мен Куба арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңызын атап өтіп, екі ел азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімді талқылауды ұсынды.
Мануэль Марреро Крус өз тарапынан Кубаның Қазақстанмен экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.
Денсаулық сақтау саласы - екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті бар салаларының бірі. Мұнда біз фармацевтика және биотехнология өнеркәсібі, медициналық қызметтер, академиялық алмасу туралы айтып отырмыз. Біз дамыта алатын осы салаға қатысты әртүрлі бағыттар бар", - деді Мануэль Марреро Крус.
Оған қоса Куба Премьер-Министрі металлургия және химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығын атап өтті.
Қорытындылай келе, Мануэль Марреро Крус ҚР Премьер-Министрін ыңғайлы уақытта Кубаға жұмыс сапарымен келіп қайтуға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 16:19 13301
Қазақстан астық және майлы дақылдар экспортын арттыруға дайын - Тоқаев
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Януш Войчеховскийге Астана халықаралық форумына спикер ретінде қатысқаны үшін алғыс айтты.
Біздің елімізбен айрықша байланысыңыз бар екенін біліп, таңғалдым. Қадірлі анаңыз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанда өмір сүріпті. Сондықтан сіздің сапарыңызға өте қуаныштымыз. Елімізде поляк диаспорасы тұрады. Әрі біздің ортақ мәдени мұрамыз бар. Бенедикт Поляк, Адольф Янушкевич, Густав Зелинский, Александр Затаевич секілді тұлғалар Қазақстанның мәдени дамуына елеулі үлес қосты", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі сауда серіктесі саналатын Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына назар аударды.
Жақында Қырғызстанда "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" жаңа форматында кездесу өткіздік. Бұған дейін Астанада бірінші кездесу болған. Сондықтан тығыз қарым-қатынас жасау жөніндегі ниетіміз бен ұмтылысымызды көрсету үшін жоғары деңгейдегі осындай кездесулерді өткізіп тұру керек. Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 30 жыл толды. Еуропалық Одақпен өзара байланысымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ демократияны дамытуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамда заң үстемдігін орнатуға септігін тигізетін өзерістер туралы айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуеті бар екеніне тоқталды. Оның айтуынша, еліміз дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ жоғары сапалы органикалық өнімдердің экспортын арттыруға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 14:13 14951
Президент БҰҰ делегациясын қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Армида Алисджабанмен, Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчимен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен БҰҰ институттары арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 14:11 15201
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мобильді науқан басталды
Шараның мақсаты – әйелдерге қатысты қылмыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз көші-қонды насихаттау, адам саудасы мен басқа да түрлерінің қаупін азайту, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру
Достарға айту
Полиция қызметкерлері сондай-ақ “Родник” әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының мамандары Алматыдағы базарлардың бірінде заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайында не істеу керектігін, заңды және білікті көмекті дер кезінде алу үшін қандай алгоритмді ұстану керектігін білуі өте маңызды.
Ең бастысы олар өздеріне белгілі зорлық-зомбылық деректері туралы қайда хабарлай алатынын білуі маңызды. Осы мәліметтердің барлығын біз мобильді науқан кезінде халық арасында тарататын жадынамалар мен брошюралар ішіне енгіздік. Ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін біз азаматтардың жаппай болатын объектілерін қамтимыз. Осы аса маңызды миссияда дағдарыс орталықтары мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар бізге белсенді түрде көмектесуде", – деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның мақсаты – әйелдерге қатысты қылмыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз көші-қонды насихаттау, адам саудасы мен басқа да түрлерінің қаупін азайту, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 14:06 15351
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақордада Мемлекет басшысы Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Желька Цвияновичке ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспсөз қызметінен.
Президент бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты.
Өз кезегінде Желька Цвиянович қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны, сондай-ақ Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, ол аталған форумды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, оның аясында халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканың қазіргі жағдайына қатысты жаңа бастамалар айтылғанын жеткізді.
Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Өзара сенімге негізделген келіссөздер сындарлы және мазмұнды сипатта өтті. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 13:53 15546
«Эйр Астана» қымбат әуебилеттері үшін салынған айыппұлға шағымданбақ
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Эйр Астана" АҚ-ға әуетасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік айыппұл салу туралы ақпаратына қатысты мынаны хабарлаймыз. Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Әуекомпанияның көптеген тергеулері мен тексерулері монополиялық жоғары бағаларды белгілеу үшін, тасымалдаушының жұмысында бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз", деп көрсетілген хабарламада.
Ең алдымен, әуекомпаниялардың отын алымын алуы заңды құқық болып табылады және "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы Агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуекомпаниясы сот актісіне шағымданады. Ал Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қ. МАӘС-тың Агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады", дейді әуекомпаниясының өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 10:27 18326
Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін әзірледі
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесінің жобасын дайындады. Ең төменгі жалақы (бұдан әрі - ЕТЖ) мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалатын болады, деп хабарлады Gov.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбекмині Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп халықаралық тәжірибеге талдау жүргізді, ол ЕТЖ белгілеу бойынша неғұрлым кең таралған үш тәсілдің бар екендігін көрсетті:
- бірыңғай ұлттық ЕТЖ (Франция, Германия, Испания);
- өңірлер, салалар және кәсіпорындар бойынша ЕТЖ сараланған мөлшері; (Финляндия, Жапония, Бельгия);
- әр түрлі санаттағы қызметкерлерге арналған ЕТЖ (Ұлыбритания, Дания).
Бүгінгі таңда ЕТЖ Халықаралық еңбек ұйымына (бұдан әрі - ХЕҰ) мүше елдердің 90%-дан астамында бар, ол оның мөлшерінің барабарлығын бағалау үшін Кейц индексін (заңмен белгіленген ЕТЖ медианалық жалақыға қатынасы) пайдалануды ұсынады. ХЕҰ ұсыныстарына сәйкес Кейц индексі 50% деңгейінде болуы керек. Бұл ретте әлемнің дамыған елдерінде ол шамамен 55%-ды, ал дамушы елдерде шамамен 67%-ды құрайды.
Қазақстанда ЕТЖ ең төменгі әлеуметтік стандарттарға жатады және жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" заңмен белгіленеді. Ең төменгі жалақы қосымша төлемдер мен жәрдемақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақыларды және басқа ынталандырушы төлемдерді қамтымайды.
2008 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде ЕТЖ мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстелді. 2019 жылы ЕТЖ мөлшерін 1,5 есе - 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін арттыру жүргізілді. Биыл ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген ЕТЖ-ны арттыру медианалық жалақының шамасын есепке алмай жүргізілді.
Халықаралық тәжірибені, сондай-ақ ел экономикасы құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп, медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің арақатынасын ескеретін ЕТЖ анықтау әдістемесінің (бұдан әрі - Әдістеме) жобасы әзірленді. Бұл жұмыскерлердің табыстары мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі арасында нақты өзара байланыс орнатуға, сондай-ақ ЕТЖ мөлшерін ХЕҰ ұсынымына жақындатуға мүмкіндік береді.
ЕТЖ мөлшерін анықтау үшін медианалық жалақы мен еңбек өнімділігін пайдалану жеткіліктілік пен төлем қабілеттілігі негізінде теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жеткіліктілік - бұл қызметкерлерді олардың еңбегі үшін әділ және барабар табыспен қамтамасыз ету. Төлем қабілеттілігі - бұл жұмыс берушілердің өз еңбек шығындарын кәсіпорынның қызметкерлерін жалдауы мен бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі", - деп түсіндірді Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Данат Нәбиев.
ЕТЖ деңгейі ұсынылған тәсілге сәйкес айқындалатын болады және құрамына ҚР Үкіметінің, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және сараптамалық қоғамдастықтың өкілетті өкілдері кіретін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның қарауына енгізіледі.
ЕХӘҚМ мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жұмысының нәтижелері мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер өкілдерінің, сондай-ақ еңбекақы төлеу саласындағы сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер шеңберінде ұсынылды және егжей-тегжейлі талқыланды және көпшілік қолдады.
Әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Еңбекмині қазіргі уақытта Еңбек кодексіне түзетулер дайындап, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
10.06.2023, 11:44Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды 10.06.2023, 11:22 1436Абай ауданындағы орман өртінің аумағы 60 мың гектардан асты
09.06.2023, 10:27 18326Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін әзірледі08.06.2023, 16:15 17326Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті09.06.2023, 13:53 15546«Эйр Астана» қымбат әуебилеттері үшін салынған айыппұлға шағымданбақ08.06.2023, 12:34 15536Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында баяндама жасады09.06.2023, 14:06 15351Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесті
25.05.2023, 17:37 55766ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54336Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды15.05.2023, 16:36 52876Алматыда жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы митинг өтті16.05.2023, 22:46 50151Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады25.05.2023, 17:25 49921Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда