15.06.2022, 16:56 12276

Тоқаев Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойды

Ұлттық құрылтайдың құрамы бекітілді.
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президент өз Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құруға қаулы етті.
 
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ереже мен оның құрамы бекітілді.
 

Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.

 
Қосымшаға сәйкес, Президент Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін жойды.
 
Жарлықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы Ұлттық құрылтай 16 маусымда Ұлытауда өтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны