30.07.2021, 21:13 13278

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшысын қызметінен босатты

НҰР-СҰЛТАН. 30 ШІЛДЕ - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай, Қасымов отставкаға кету және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтінішке сәйкес қызметінен босатылды.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы және Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ретіндегі көпжылдық қызметі үшін алғыс білдірді", - деп атап өтті Уәли.

 
Қызмет бастығының міндеттері уақытша Ермек Сағымбаевқа жүктелді.
 
Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 8 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.
 
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 
 
· Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1979) 
 
Заңгер
 
Еңбек өтілі: 
 
· тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімшесінің бастығы, Іле АІІБ бастығының орынбасары (1979-1988); 
 
· Алматы облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасы ҚҚБ бөлімі бастығының орынбасары (1988-1989); 
 
· Қапшағай ҚІІБ бастығы (1989-1992); 
 
· Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары (1992-1997); 
 
· Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы (03.1997-07.1997); 
 
· Алматы ҚІІБ бастығы (07.1997-12.2003); 
 
· Алматы облысының ІІББ бастығы (12.2003-06.2005); 
 
· Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі (06.2005-09.2009); 
 
· Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің бастығы (09.09.2009-03.2011); 
 
· Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (12.04.2011 бастап; 04.04.2014 - қайта тағайындалды; 30.04.2015 - қайта тағайындалды; 13.09.2016 - 02.2019 - қайта тағайындалды); 
 
· Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (12.02.2019 - 01.2020); 
 
· Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (16.01.2020 бастап).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны