20.03.2023, 17:04 76961

Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Сурет: Depositphotos
Заң келісімшарт бойынша қызметшілер институтын заңнамалық тұрғыдан бекітуді көздейді

Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында Сенат депутаттары пленарлық отырыста бірінші оқылымда заң жобасын қабылдады.
 
Заң ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін келісімшарт бойынша мемлекеттік орган тартатын келісімшарттық қызметшілер институтын заңнамалық бекітуді көздейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сенімін жоғалтуына байланысты Президенттің шешімі бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкін деген нормаларды енгізу көзделеді.
 
Заңда мемлекеттік қызметшілерді ротациялау кезінде тұрғын үйді жалдау мақсатында ротациялық төлемдер енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны