20.12.2022, 18:47 30406

Тоқаев Орталық Азия медиафорумының қатысушыларымен кездесті

Кездесу барысында сұхбаттасушылар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты
Тоқаев Орталық Азия медиафорумының қатысушыларымен кездесті
Астана. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары - Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен, Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.
 
Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді.
 
Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны