25.08.2021, 17:50 12189

Тоқаев ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын тағайындады

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған Президент Жарлығында.

 
Сағымбаев Президент өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны