Тоқаев Сеулде Абай бюстін ашты
Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды. Бұл – корей бауырларымыздың қазақ халқына деген зор құрметінің белгісі", – деді Қазақстан Президенті.
Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Сондықтан, Абайға арналған бюсттің білім ордасына қойылуы орынды шешім екені сөзсіз. Мұның символдық мән-маңызы айрықша. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық. Дала данышпанының "Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ" деген сөзі бар. Бұл қасиеттерді корей халқы да ерекше бағалайтынын білеміз. Осы құндылықтардың арқасында қазіргі таңда Корея Республикасы озық дамыған мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Былтыр біз Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Осыған орай, көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырдық. Абай шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Соның ішінде, корей тілінде "Алтын шаңырақта шырқалған ән" атты кітабы жарыққа шықты. Кореяда ұлы ойшылға арналған маркалар әзірленді. Мұның бәрі екі елдің рухани ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсері анық", – деді Мемлекет басшысы.
Әсіресе, мәдени-рухани саладағы ынтымағымызды нығайттық. Осындай тығыз қарым-қатынас болашақта да жалғасын табады. Қазақстанның жетекші оқу орнында корей тілі оқытылып келеді. Кореялық студенттер де қазақ тілін оқып жүргенін жақсы білемін. Бұл, әрине, көңіл қуантарлық ерекше жағдай. Көптеген қазақ жастары корей университеттерінде білім алуда. Біз білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра береміз. Бұл өзара байланысты келешекте де достық рухта дамыта түсуге жол ашады", – деді Қазақстан Президенті.
тақырып бойынша жаңалықтар
Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңа қуат көздері, газбен қамту және жылу беру: Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысының негізгі жобаларымен танысты
Домна пештерін табиғи газға ауыстыру мазутты пайдалануды толығымен тоқтатып, қондырғының орнықты жұмысын нығайтуға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік берді", - деді Qarmet корпорациясының басқарма төрағасы Петр Трушин.
Алдағы жылыту маусымында проблемалар болмауы керек. 1 қыркүйекке дейін барлық нысандар бойынша дайындық паспорттарын алу қажет. Жылыту маусымы кезінде іркілістерге жол беруге болмайды", - деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.
ЖЭО-3-ті кеңейту - өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жұмыс аяқталғаннан кейін қосымша қуат резерві пайда болып, 400-ден астам тұрғын үй мен әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС бас директоры Флюр Гарипов.
Бірінші кезек бойынша 10 мыңнан астам абонентке газ жеткізіледі. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін екінші кезекке көшеміз, олар - Пришахтинск, Майқұдық және Сұрыптау тұрғын үй алаптары", - деді Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов.
ТАМПО Қазақстан" зауытында оның назарына түзу тігісті болат құбырларды шығару бойынша жаңа өндірістік желі ұсынылды. Диаметрі 630 мм болатын құбырларды күйдіру мен шынықтырудың арнайы технологиясы өнімдерді -60-тан +60 градусқа дейінгі температурада пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанда мұндай өндірістің баламасы жоқ.
Қазір кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Толық қуатқа шыққаннан кейін қызметкерлер саны 800 адамға дейін артып, өнім саны жылына миллион бірлікке дейін жетеді", - деді компанияның операциялық директоры Талғат Әбдірахманов.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз еліміздің өңірлерін жиі аралаймыз. Қарағанды облысында көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылуда, ірі өндірістер жұмыс істеп тұр, онда сан мың адам еңбек етеді. Біз кәсіпорындардың толыққанды өндіріс құрып, оны одан әрі дамытуды жоспарлап отырғанын көрдік", - деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ішкі әуе бағыттарын дамыту және әуе паркін жаңғырту: Нұрлыбек Нәлібаев Air Astana әуе компаниясының қызметі жөнінде кеңес өткізді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді
- білім беру және сауықтыру бағдарламаларының болуы;
- білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі;
- санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы;
- қауіпсіздік жүйелерінің болуы;
- материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Берн одағының отырысына қатысушыларды Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды
Мемлекет басшысы іскерлік ахуалды жақсартуға үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия аймағындағы ірі экономика ретінде өзінің ұлттық экономикасын құрылымдық трансформациялауды жалғастыруда. Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-ты құрады, ал негізгі капиталға инвестициялар 13%-ға артып, $43,5 млрд рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылы $144 млрд-қа дейін өсті. Қазақстандық өнімді жеткізу географиясы мен номенклатурасы кеңейіп келеді. Бүгінде біздің тауарлар әлемнің 127 еліне экспортталады, белсенді өнім түрлерінің тізімі 4 мыңға жақындады", - деді Олжас Бектенов.
Ел Президенті жасанды интеллектіні дамытуға және Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Қабылданып жатқан Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы осы секторды ілгері дамытуға бағытталған", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біз қаржыландыру, сақтандыру және кепілдендіру құралдарын біртұтас қолдау жүйесіне біріктіреміз. Оның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады, салық түсімдері артады және сапалы инвестициялар тартылады. Қазіргі уақытта "Бәйтерек" проактивті инвестициялық холдингтің моделіне көшуде. Үкіметпен бірлесіп 2032 жылға дейін жалпы сомасы шамамен $170 млрд-қа жуық перспективалы жобалар пулы құрылды. Осы ауқымды стратегияны жүзеге асыруда Берн одағы мүшелерінің сақтандыру және бірлескен қаржыландыру құралдарын ұсынудағы рөлі ерекше маңызды бола түсуде", - деді "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.
Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан жаһандық сауда ағындарының, инвестициялар мен озық идеялардың түйіскен жерінде бола отырып, негізгі байланыстырушы буын мәртебесін сақтап келеді. Дәл осы жерде біз жаңа сын-қатерлерді саралап отырғанымыз - символдық мәні бар жайт. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық қайтадан тарихи тоғысқан тұста тұр. Экспорттық-кредиттік агенттіктер неғұрлым стратегиялық және таңдаулы тәсілге көшетін өзара іс-қимылдың сапалық жағынан өзгеше архитектурасы қалыптасуда. Ағымдағы кездесулер аясындағы сындарлы пікір алмасу тиімді бірлескен шешімдер әзірлеуге берік негіз қалыптастыратынына сенімдімін", - деді Берн одағының президенті Юичиро Акита.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.05.2026, 10:26Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды 22.05.2026, 12:34 8412025-2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді22.05.2026, 16:18 636Алматыда Тарақты руының Наурыз мерекесіне арналған кең ауқымды басқосуы өтті
15.05.2026, 21:45 232656Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 20:53 232406Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті15.05.2026, 22:02 231926Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды15.05.2026, 20:43 231391Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты15.05.2026, 19:40 229206Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
29.04.2026, 15:15 383491Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 383321Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады29.04.2026, 17:20 383096Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті29.04.2026, 13:35 330506Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 10:42 288826Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

