02.12.2021, 20:50 116526

Тоқаев Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды

Тоқаев Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық сенаторлар Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери көмек көрсету туралы келісімдерді ратификациялады деп хабарланған болатын.

Келісім қырғыз және тәжік тараптарына әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілер мен арнайы жабдықтарды бір реттік беруді көздейді.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев әскери мүлікті Қырғызстанға беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйіне әсер етпейтінін атап өтті, өйткені көмек Қарулы Күштердің ағымдағы үлесінің нормативтен тыс қорларынан көрсетіледі.

Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету Қарулы Күштердің осы қатерлерге тойтарыс беру мүмкіндіктерін күшейтеді, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны