08.01.2022, 18:27 401

Тоқаев ТЖ министрі Юрий Ильинді қабылдады

Тоқаев ТЖ министрі Юрий Ильинді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАҢТАР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президентке төтенше жағдай кезінде ТЖМ бөлімшелері өздеріне жүктелген міндеттерін орындағаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Юрий Ильин мемлекеттік мекемелер мен бизнес-субъектілер ғимараттарының кең көлемде өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болғанын жеткізді.
 

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ТЖМ-ның 10 қызметкері түрлі жарақат алған, соның ішінде бір қызметкерге оқ тиіп жараланған. Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің 29 техникасы зақымданған, оның ішінде 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен", - делінген хабарламада.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев жүктелген міндеттерді әрі қарай атқара беруге және хабарлама жіберу жүйесі арқылы тұрғындарға уақытылы ақпарат беріп отыру қажет екеніне баса мән берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны