03.03.2022, 17:05 38786

Тоқаев Зеленскиймен әңгіме барысында Ресеймен келіссөздерде уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен әңгіме барысында Ресеймен келіссөздерде уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді.
Тоқаев Зеленскиймен әңгіме барысында Ресеймен келіссөздерде уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді
Сурет: Ақорда
НҰР-СҰЛТАН. 3 НАУРЫЗ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен әңгіме барысында Ресеймен келіссөздерде уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты", - деп хабарламада айтылды.


Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны