21.07.2022, 15:12 19566

Тоқаев, Жапаров және Мирзиёев Шолпан-Атадағы "Дордой Номад" мәдени орталығына барды

Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады.
Тоқаев, Жапаров және Мирзиёев Шолпан-Атадағы "Дордой Номад" мәдени орталығына барды
Сурет: ОКҚ
БІШКЕК. 21 ШІЛДЕ - Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев "Дордой Номад" мәдени орталығына барды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.
 
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері "Қолөнершілер аллеясының" жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.
 
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанға келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны