18.02.2022, 18:22 43361

Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғаларының тергеу қорытындыларын жариялайды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғаларының тергеу қорытындыларын жариялайды
Сурет: facebook/Anatoliy Ivanov-Weisskopf
НҰР-СҰЛТАН. 18 АҚПАН - Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
 

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген кешегі сұхбатында айтқанындай, халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған біраз уақыт керек", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісінде.

 
Оның айтуынша, Президент наурыздың ортасында жасайтын Жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынады.
 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының кешегі сұхбаты көрермен қауымның зор қызығушылығын туғызғанын атап өткім келеді. Бұл еліміздің ақпарат кеңістігіндегі маңызды тақырыпқа айналып үлгерді деп айтуға болады. Оған әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде сілтеме жасап жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды. Президент отандастарымыздың аталған мәселеге ерекше алаңдап отырғанын ескеріп, ұлттық телеарнаның тілшісіне беретін сұхбатын кейінге шегермеді", - деді ол.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны