11.01.2008, 18:57 3054

Үкімет басшысы "Абай" шахтасында жарылыстан зардап шеккен және қайтыс болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысының "Абай" шахтасында жарылыстан зардап шеккен және қайтыс болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысының "Абай" шахтасында жарылыстан зардап шеккен және қайтыс болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жеделхатта былай делінген: "Қазақстан Республикасының үкіметі және жеке өз атымнан апат салдарынан зардап шеккендердің бәріне, қайтыс болған шахтерлердің отбасылары мен туыстарына қатты қайғырып көңіл айтамын".
"Өкінішке орай, ХХI ғасырда да әлемнің барлық шахтасында көмір өндіру бұрынғы кездегідей, тек ауыр да құрметті ғана емес, сонымен бірге өте қауіпті еңбек ретінде сақталып отыр. Мұндай орны толмас қасіретті сезіну бізді қайғылы күйге душар етеді. Біз ең қымбатты жандарын - өз балаларын, ерлері мен әкелерін жоғалтқан шахтерлер отбасының қайғысын бөлісеміз. Еліміз сіздердің қайғыларыңызға ортақ",- делінген жеделхат мәтінінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. 15 сағаттағы жағдаймен 7 адамның қаза тапқаны және 9 адамның жараланғаны жөнінде ақпарат болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны