25.07.2008, 19:42 2884

Үкімет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің даму жоспарымен танысты

Үкімет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің даму жоспарымен танысты

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов құқық қорғау және сот органдарының даму жоспарларын қарауды жалғастырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде өткен кеңес барысында еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оның азаматтарының мүддесін қорғаудың, атап айтқанда - терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел-іздестіру қызметін, экономикалық қауіпсіздікті, жемқорлықпен күресті, есірткі бизнесі мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің негізгі қырлары таныстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны