26.05.2014, 21:09 3160

ҰКП мен ҰТДА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада IX Инновациялық конгресс аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Ұлттық технологиялық даму агенттігі" АҚ инновациялық даму саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Астанада IX Инновациялық конгресс аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Ұлттық технологиялық даму агенттігі" АҚ инновациялық даму саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Ұлттық техникалық дамыту агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов пен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық даму мақсатындағы ынтымақтастыққа келісімге келді, деп хабарлайды palata.kz порталы.

Құжатта инновациялық даму, мемлекеттік қолдауды кеңінен тарату мен оны ілгерілету, бірлескен сараптамалық топ құру, ҰКП Өңірлік палатасы қызметкерлерін индустриялды-инновациялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау тетіктерін алу мәселесі бойынша кәсіпкерлерге ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету ережелеріне тегін оқыту қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны