06.04.2021, 23:11 7187

Тоқаев коронавирусқа қарсы Спутник V-мен егілді

НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасымен егілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауыты өндірген "Спутник V" вакцинасын алды. Вакцинациядан кейін оның денсаулығы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

 
Уәли Президенттің Қазақстан азаматтарын вакцинациялау және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру ғана коронавирусты жеңуге, барлық шектеулерді алып тастауға, азаматтардың қалыпты өмірі мен экономикалық қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтты.
 

Мемлекет басшысы барлық азаматтарды мүмкіндігінше вакцинаны қабылдауға тағы да шақырады. Бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың жалғыз жолы", - деді баспасөз хатшысы.

 
Ол сондай-ақ, бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакциналар жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық өндірісті жолға қоюды, сондай-ақ егу процесін ұйымдастыруды тапсырғанын еске салды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны