26.08.2023, 13:08 75296

Өзгені құтқарам деп қайтыс болған он төрт жасар жасөспірім марапатталды

Жалпы, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға кеткен, оның 5 бала.
Өзгені құтқарам деп қайтыс болған он төрт жасар жасөспірім марапатталды
Сурет: ТЖД
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев қайтыс болған Владимир Гринбергті «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады,- деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, Владимир Гринберг биылғы шілденің 29-да Қорғалжын ауданында Нұра өзеніне отбасымен бірге демалуға барған. Жас батыр 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын көріп, көмекке ұмылған. Кейін ересектер көмекке келіп, әкесі ұлын шығарып алған. Алайда, Владимир Гринбергтің өзін ешкім құтқара алмады, сол тұста суасты ағыны болғандықтан жасөспірім батып кетті.

«Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жасөспірмінің туыстарына адам өмірін сақтап қалғаны үшін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін медаль табыстады. Сонымен бірге, департамент бастығы баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты», - деді ведомстводан.

Жалпы, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға кеткен, оның 5 бала.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны