29.04.2022, 18:39 34016

Жаңа облыстар құру туралы Жарлықтың жобасы Тоқаевтың қарауына енгізілді

Жаңа облыстар құру туралы Жарлықтың жобасы Тоқаевтың қарауына енгізілді
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президент Қ. К. Тоқаевтың қарауына енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті. Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді. ҚР Президентінің бастамасын жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты", - деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

 
Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.
 
Үкімет қаулысымен ҚР Президентінің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны