29.07.2023, 16:41 32141

Жамбыл облысында аммофос ұрлаумен айналысты деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды

Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады
 Жамбыл облысында аммофос ұрлаумен айналысты деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды
Сурет: Polisia.kz
Жамбыл облысында 80 млн теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды

Наурыз-шілде айлары аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын "Қазфосфат" ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған.

Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 22-нен 23 шілдесіне қараған түні Шайқорық станциясында Газель екі автокөлігімеү вагондардан ұрлық жасау барысында облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды.

Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындады.

Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны