19.01.2026, 18:20 37151
Жаслан Мәдиев ЖИ-ді мемлекеттік секторда енгізу үшін басшыларды даярлауға арналған AI Governance 500 бағдарламасының іске қосылуына қатысты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алғашқы AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасындағы оқу легінің ашылуына қатысты. Жоба мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларын ауқымды түрде енгізу үшін басшыларды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына тартылатын мамандарды даярлаудың маңызын айқындайды. Бағдарламаны ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп жүзеге асыруда.
100 басшы қатысып отырған оқу бағдарламасының ашылуына сондай-ақ Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай және Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі Қаныш Төлеушин қатысты.
Мақсатымыз - мемлекетті адамдар мен экономика үшін жылдам әрі тиімді ету. AI Governance 500 бағдарламасы деректерге негізделген басқару, бірыңғай жүйе және өтпелі үрдістер арқылы жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізетін басшылар, яғни "цифрлық офицерлер" пулын қалыптастырады. Бұл жұмыста әрбір басшы шешуші рөл атқарады, өз саласында цифрлық және ЖИ-шешімдерді енгізуге жауап береді. Сондықтан әрқайсымыз үшін ойлау жүйесі мен басқарушылық тәсілдерді қайта қарау арқылы "цифрлық офицерге" айналу маңызды", - деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
AI Governance 500 мемлекеттік секторда ведомствоаралық цифрлық жобаларды бастауға және сүйемелдеуге, олардың үйлесімділігін қамтамасыз етуге және Digital Qazaqstan тұжырымдамасы аясындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге қабілетті цифрлық басшылар - ЖИ-офицерлердің кадрлық пулын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасына Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, салалық вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы орган аппараттарының басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілері қатысуда.
Бағдарлама жасанды интеллектінің рөлі мен цифрлық мемлекет құрылымын стратегиялық деңгейде түсінуден бастап - ведомство мен өңірлерде енгізуге дайын цифрлық трансформация мен AI-бастамалардың қолданбалы жобаларын әзірлеуге дейін ашық, жүйелі түрде құрылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.02.2026, 19:45 8181
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды
Достарға айту
2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 48,7 мың тапсырысы орындалды: шамамен 35,4 мың адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - ОТҚ), 3,6 мың - ымдау тілі қызметін, 9,1 мың - жеке көмекшінің, 576 - шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзі алып кету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 612 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1041 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 776 ымдау тілі және 130 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды бірыңғай байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 18:31 9506
ШҚО-дағы этномәдени бірлестіктер мен жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында "Біз - жаңа халықтық Конституция үшін" атты республикалық жастар форумы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен еліміздің әр түкпірінен келген Жас белсенділер мектебінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Өңіріміз 17 аймақтың жастарын біріктірген маңызды диалог алаңына, жаңа бастамалар мен мазмұнды пікір алмасулардың орталығына айналып отыр. Бұл жерде тың идеялар туындап, жас буынның азаматтық ұстанымы қалыптасып, ел дамуына бағытталған нақты ұсыныстар айтылады деп сенемін. Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілген!", - деді облыс әкімі.
Сөз соңында Нұрымбет Сақтағанов елдің даму жолында жастардың рөлі ерекше екенін атап өтіп, республикалық жас белсенділер мектебінің жұмысына сәттілік тіледі.
Одан соң жиналғандар өз баяндамаларын ұсынып, Конституциядағы өзгерістердің маңыздылығына тоқтады. Қатысушылар жаңа Ата Заң жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 17:40 10956
Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.
2012-2021 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
2021-2023 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 15:35 11256
ШОБ-ты қолдау және спорттық инфрақұрылымды дамыту: Премьер-министр елордадағы жобалармен танысты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында шағын және орта бизнес саласындағы жобалармен, сондай-ақ заманауи спорттық инфрақұрылымды дамыту барысымен танысты. Жұмыстар Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында және "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында берген тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында ШОБ-ты қолдау шараларының тиімділігін арттыру, олимпиадалық резервті дайындау және жастарды жүйелі спортпен шұғылдануға тарту үшін заманауи спорт инфрақұрылымын құру мәселелеріне назар аударылды.
Олжас Бектенов "Тәп-тәтті" ЖШС-нің дайын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығаратын зауытының өндірістік қуатымен танысты. Кәсіпорын басшысы Нұржан Сәрсенов Премьер-министрге технологиялық желілерді көрсетіп, ағымдағы көрсеткіштерді ұсынды. Кондитерлік, ұн және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт заманауи жабдықтармен жарақталған. Жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тоннаға дейін жетеді. 200 жұмыс орны ашылған.
Аралау кезінде ШОБ-ты дамыту және қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала беретіні атап өтілді. Бүгінде елімізде ШОБ саласында шамамен 4,5 млн адам немесе экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығы жұмыс істейді.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін "Іскер Аймақ" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Үкімет бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп қосымша қаржылық және реттеу шараларын пысықтауда. "Бәйтерек" холдингі тарапынан өндірістерді жеңілдікпен қайта жарақтандыру бағдарламасы іске қосылды. Жаңа Салық Кодексін енгізу бизнестің бұған дейінгі кезеңдерге тексеру жүргізбеу және биыл микро және шағын бизнеске жауапкершілік шараларын қолданбау туралы ұсыныстарын ескере отырып, жұмсақ форматта жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта Астанада 273 мыңнан астам ШОБ субъектілері жұмыс істеп тұр, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға артық. Секторда 557,2 мың адам немесе қаланың экономикалық белсенді халқының 70%-ы жұмыс істейді. Елорда экономикасындағы ШОБ үлесі 74,4%-ды құрайды, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.
2025 жылдың 9 айында Астана ШОБ субъектілері 21,9% өсіммен 14,9 трлн теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті. Кәсіпкерлерді қолдау үшін 2025 жылы жергілікті бюджеттен 12,8 млрд теңге бөлінді: пайыздық мөлшерлемелерді төмендету бойынша 3 мыңнан астам жоба субсидияланды, 49 кредитке кепілдік, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне 24 грант берілді. Бұдан басқа, "Астана бизнес" жергілікті несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол бойынша 3,6 млрд теңге сомасына 254 жоба мақұлданған.
Сондай-ақ, Премьер-министр Астана қаласының орталық саябағында салынған жаңа шаңғы базасына барды. Қала әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан нысанның құрылысы 2025 жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың қаңтарында аяқталғанын хабарлады. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы - шамамен 2 мың шаршы метр, өткізу қабілеті бір ауысымда 300 адамға дейін жетеді. 30 жұмыс орны ашылған.
Базаның инфрақұрылымына күштік қондырғылармен және мамандандырылған жабдықтармен, соның ішінде "ERCOLINA" тренажерімен жарақтандырылған кең жаттығу залы кіреді.
Инновациялық жабдыққа ерекше назар аударылады: жыл бойы техниканы шынықтыруға және конькимен сырғанау техникасын имитациялауға, жылдамдық пен көлбеу бұрышты меңгеруге мүмкіндік беретін төзімділікті арттыруға арналған "Skate Treadmill RL3500E" кәсіби тренажері орнатылды. Тренажер жүктемелердің қарқындылығын дәл реттеуге және мамандардың бақылауымен қауіпсіз жаттығуларды ұйымдастыруға, прогресті объективті және жүйелі бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе спортшыларды даярлауда маңызды.
Сонымен қатар шаңғылар мен спорттық жабдықтарды дайындау, сақтау және кептіру үшін үй-жайлар қарастырылған.
Олжас Бектенов заманауи спорттық инфрақұрылымды дамыту елдің олимпиадалық әлеуетін нығайту міндеттерімен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға, салауатты ұрпақты тәрбиелеуге және жалпы ұлт денсаулығын нығайтуға ерекше назар аударады. Заманауи спорт инфрақұрылымы мен қол жетімді әрі сапалы база қалыптастырмай, мұны істеу мүмкін емес. Мұндай нысандардың құрылысы спортшыларды жүйелі даярлау және жастарымыздың әлеуетін ашу үшін негіз болмақ.
Қазір Италияда Олимпиада ойындары өтіп жатыр және біз спортшыларымыздың жеңіске жетуі үшін жағдай жасаудың қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз, сондықтан мемлекет біздің спортшыларымызға ең жоғары деңгейде жаттығуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дәйекті түрде дайындауда. Бұқаралық спорт пен олимпиадалық резервті қолдау - бұл ұлт денсаулығына және елдің халықаралық имиджіне салынған инвестиция", - деп атап өтті Премьер-министр.
Жаңа шаңғы базасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, олимпиадалық резервті даярлау орталығының және жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілерін даярлаудың негізгі алаңына айналатыны атап өтілді.
Шаңғы жарыстарынан бөлек, базада биатлон және спорттық бағдарлау да дамытылады. Бастапқы кезеңде 15 жаттықтырушының жетекшілігімен шамамен 180 спортшы жаттығады, ал болашақта спортшылар санын 360 адамға дейін арттыру жоспарлануда. Мұнда спорт мектептерінің кәсіби студенттері ғана емес, сондай-ақ шаңғы спортының әуесқойлары да жаттыға алады. Бұқаралық спорт үшін қала тұрғындарына нысанның трассалары мен инфрақұрылымын ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалатын болады.
Жалпы республика бойынша бұқаралық спортты дамыту шеңберінде спорттық инфрақұрылым дәйекті түрде кеңейтіліп, азаматтардың жүйелі спортпен шұғылдануға тартылуы артып келеді. Халықтың спорт нысандарымен қамтамасыз етілу деңгейі 2023 жылғы 52,2%-дан 2025 жылы 59,6%-ға дейін өсті. Дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысатын халықтың үлесі 40,4%-дан 44,5%-ға дейін артты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен Астана қаласы әкімдігіне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олимпиадалық резервті дайындау үшін инфрақұрылымды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету және жастарды бұқаралық спортқа тарту бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ өнімділік пен экспорттық әлеуетті арттыруға баса назар аудара отырып, ШОБ-ты жүйелі қолдауды жалғастыру тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 14:58 12061
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент спортшының былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды. Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
- Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл - зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін, - деді Мемлекет басшысы.
Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
- Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген отандасымыз Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігімен Өзіңізді және барша қазақстандықтарды құттықтаймын, - деді Ерсін Балтағұл.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.
Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 14:53 10426
Биыл 17 мың км электр желісі мен 377 км жылу желілері жаңартылады
Достарға айту
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов энергетика секторын жаңғырту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Өткен жылы электр станцияларында 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа және 39 турбинаға жөндеу жүргізілді. Электр желілері бойынша 17 мың км желі мен 420 қосалқы станция жөнделді. Жылу желілерінде 323 км ауыстырылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде электр энергиясын өндірудің тарихи ең жоғары көрсеткіші - 17 273 МВт-қа қол жеткізілді, бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 7%-ға жоғары. ЖЭО-лардың тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмендеді.
Биыл жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 9 энергоблокқа, 55 қазандыққа және 51 турбинаға жөндеу жүргізу жоспарланған. Электр желілерінде 17,1 мың км желі мен 444 қосалқы станцияны жөндеу көзделген. Жылу желілерінде 377 км ауыстыру жоспарланған. Аталған шаралар тозу деңгейін қосымша 61%-дан 59%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Отынмен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Энергонысандардың отын қоймаларында 4,7 млн тонна көмір жинақталған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Барлық энергонысандарда нормативтік отын қоры қамтамасыз етілген.
Жалпы, ағымдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге деген қажеттілігі 7,46 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күні 7,68 млн тонна немесе жылдық жоспардың 103%-ы дайындалды.
Энергетика министрлігі ағымдағы күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 13:31 11491
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында өнеркәсіптік және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру және технологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес елорданың негізгі индустриялық және цифрлық даму жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді. Өндірістік әлеуетті нығайтуға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және қаланың цифрлық жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Елордада өнеркәсіп негізінен өңдеу секторынан тұрады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі бөлігі №1 Индустриялық парк аумағында шоғырланған. Өндірістік портфель жалпы құны 333,3 млрд теңге болатын 137 жобаны қамтиды, онда 9 500-ден астам жұмыс орны қаралған.
Сапар барысында Премьер-министр "Автокомпоненты KZ" ЖШС-нің өрт сөндіру және арнайы техника мен аспалы жабдықтар өндіретін зауытының қызметімен танысты. Кәсіпорын 2025 жылдың қаңтар айында іске қосылған. Жобаны жүзеге асыруға 5,1 млрд теңгеден астам жеке қаражат бағытталды. Кәсіпорын Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына ие болды.
Өндіріс директоры Александр Плужников зауыттың жобалық қуаты жылына 400 бірлік техникаға дейін жететінін хабарлады. Оның ішінде өрт сөндіру автоцистерналары, вахталық фургондар және коммуналдық-жол машиналары бар. Өнімдер Төтенше жағдайлар министрлігінің, коммуналдық қызметтердің және өзге де құрылымдардың қажеттіліктері үшін жеткізіледі. 2026-2028 жылдар аралығында қызметкерлер санын кезең-кезеңімен 200 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Премьер-министрге өндірістік циклдің негізгі аймақтары таныстырылды. Қзіргі уақытта шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге және локализациялау деңгейін арттыруға бағытталған өндірістік желілерді дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Олжас Бектенов отандық машина жасау саласын индустрияландырудың және еңбек өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құрудың негізгі драйверлерінің бірі ретінде дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Өңдеу өнеркәсібінің өсуі экономиканы әртараптандыруға және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей әсер етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өткендей, біз ел ішінде көбірек өнім өндіруіміз керек, нақты секторды нығайтып, тұрақты жұмыс орындарын құру қажет. Үкімет өз тарапынан өндіріс пен локализациялауды қамтамасыз ететін кәсіпорындарға инфрақұрылым, кадрларды даярлау және нақты тапсырыс тетіктері арқылы қолдау көрсетеді. Нәтиже неғұрлым көбірек өнім шығаруға, көбірек жұмыс орнын құруға және жоғары сапаға негізделуі керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-Министр сондай-ақ Astana Smart City жобасын іске асыру аясында құрылған Деректерді өңдеу орталығына барды. Бұл - Қазақстандағы қалалық инфрақұрылым қажеттіліктеріне арнайы салынған алғашқы дата-орталық, ол халықаралық Presight компаниясы мен қала әкімдігінің серіктестігі негізінде ашылып отыр.
Presight компаниясының өкілдері ДӨО негізінде қалалық ахуалдық орталықтың, бейнеталдау жүйелерінің, жасанды интеллект платформаларының және қалалық ортаны басқару жөніндегі цифрлық қызметтердің жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Дата-орталық халықаралық тұрақтылық және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетіні атап өтілді. Нысанның инфрақұрылымы жоғары сенімділік деңгейін және аса маңызды цифрлық жүйелерді қорғауды қамтамасыз етеді, бұл - Astana Smart City жобасын дамыту мен қалалық ортаны одан әрі цифрландырудың маңызды элементі.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр өнеркәсіптік базаны дамытуға және цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырды. Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін индустриялық және технологиялық шешімдерді интеграциялау қажеттілігі атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 13:16 9716
Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге қала әкімі Дархан Сатыбалды қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлық шешім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген.
- Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді, - делінген хабарламада.
Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін "экономика" және "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.
2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сияқты әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.02.2026, 12:55Қазақстан ЕҚЫҰ-ның антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысты 16.02.2026, 13:57 25406Пусанда Қазақстан "Қалалық дипломатия желісі" форумына қатысты16.02.2026, 14:02 Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда25151Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда16.02.2026, 15:13 24891Қазақстан Мексиканың академиялық қауымдастығына конституциялық реформаларды таныстырды16.02.2026, 11:25 21646Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті
10.02.2026, 12:57 209971Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 209906Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 209896Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 209806Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады10.02.2026, 17:14 207906Прагада ашылған көрмеде қазақ бейнелеу өнері көрсетілді
19.01.2026, 15:15 233521Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 232861Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2308062026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет20.01.2026, 21:15 223866Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр09.02.2026, 22:39 223471Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады

