"Жастар - Отанға!" бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталар бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАУСЫМ - "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары Саяси кеңесі Бюросының шешімімен "Жастар-Отанға!" бағдарламасын іске асыру бойынша еліміздің әрбір аудан, қала және облысы үшін 216 Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, алдағы бес жыл ішінде 3,5 мыңға жуық индикаторға қол жеткізу, 35 жасқа дейінгі 4,5 миллионнан астам жас қазақстандықты қамтитын 6,5 мың іс-шараны іске асыру жоспарлануда.
"Жастар-Отанға!" бағдарламасы, жастардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған 5 бағыттағы жұмысты қамтиды: азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана және жас отбасыларды қолдау, тұлға ретінде даму мен бос уақытты тиімді өткізу.
Атап айтқанда, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтық қысқартылады, жастардың ғылыми-зерттеу әлеуеті артады, отбасы институтына, сондай-ақ жас дарындарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Өңірлерде жастарға берілген сайлауалды уәделерді орындауға кірісіп кетті. Мысалы, Түркістан облысында Жол картасына "Жасыл ел" жобасы арқылы 6400 жасты жұмысқа тарту, "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасы арқылы 1048 жасты жұмысқа орналастыру және т.б. жоспарлар енгізілген.
Нұр-Сұлтанда жыл сайын пәтер сатып алуға 7 млрд. теңге бөлінетін "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, ал Алматыда "Алматы жастары" жобасы аясында 2025 жылға дейін тұрғын үй сатып алуға 5 мың жас отбасы несие алады.
Ақмола облысында 2025 жылға дейін 2 700 орындық 7 студенттік жатақхананың құрылысы аяқталады. Петропавлда 2021 жылы Жастар театрының ашылуы жоспарлануда.
Алматы облысында жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін өңірлік бағдарлама жыл сайын 2 мыңға жуық жасты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге уәде береді.
Қостанай облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2025 жылға дейін бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында жасанды жабыны бар 30 шағын футбол алаңы, жүзу бассейні, 10 стритбол алаңы, 12 стрит-воркаут алаңы, 29 хоккей корты салынатын болады.
Сонымен қатар, "Жастар – Отанға!" жастар кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлінуде. Мәселен, Маңғыстау облысында жыл сайын 500 жас "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады. Ал Тараз қаласында 2023 жылы "SMART" оқу орталығын ашу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетсек, маусым айының басында партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен "Жастар-Отанға!" бағдарламасын іске асыруға 2025 жылға дейін республикалық Жол картасы бекітілді. Орталықта және жергілікті жерлерде бағдарламаның іске асырылу барысын Мәжіліс пен мәслихаттардың 616 жас депутатынан тұратын жаңадан құрылған Корпус бақылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бектенов жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді
Арал қаласында 22989, Ақсу ауылдық округінде 1028, Жаңаталапта 424, Шиелі кентінде 22669, Жиделіарық ауылдық округінде 560 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанда барлығы 33 учаске жұмыс жасап, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді. Жексенбіде өтетін 5 округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізіледі. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған. 16 кандидаттың 59-ының сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді
Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Бұл газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізіп, қосымша 32 мыңға жуық адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды
Министрліктің басты басымдығы - азаматтарға зейнет жасына жеткеннен кейін ұзақ мерзімді перспективада лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Түскен барлық ұсыныстардың қаржылық негізділігі, әлеуметтік әділеттілігі және практикалық іске асырылу мүмкіндігі қарастырылады", - деп атап өтті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
21.06.2026, 14:40Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады
16.06.2026, 09:44 111621ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 110426Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады19.06.2026, 09:30 105386Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 09:58 104721Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 99516Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
22.05.2026, 20:31 252016Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237716Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 208151ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады22.05.2026, 16:58 191016Астанада Қазақстан-Норвегия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті22.05.2026, 18:37 190561Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

