04.09.2025, 11:36 116066

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Сурет: t.me/senate_kz
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.

Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

Сенаттың қарауына Берік Нәжімиденовті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Ол тәжірибелі заңгер және қаржылық қадағалау саласының маманы. Президенттің Жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл тұрғыда оның басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату жөніндегі ұсынымды қолдауды сұраймыз", - деді Дмитрий Малахов.


Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны