09.09.2025, 20:57 36551

Жыл соңына дейін медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі іске қосылуға тиіс

Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне салынған көпсалалы ауруханаларды іске қосуды тапсырды. Ведомство өңірлерде жаңа объектілер салуды жалғастыру үшін әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестициялар тарту бағытында жұмыстар жүргізуі қажет, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық ұйымдарды салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жоспарланған 655 МСАК нысанының 540-ының құрылысы аяқталды. Қалған 115 нысан жыл соңына дейін аяқталады.

Одан бөлек Премьер-министр жыл соңына дейін медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесін іске қосуды тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны