05.08.2025, 20:13 93346

Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты

Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты
Сурет: aa.com.tr
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Inform.kz.

Ауыл орналасқан Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья төтенше су тасқыны салдарынан төрт адамның мерт болғанын растады.

- Ауданға сел түріндегі қуатты су тасқыны тиді. Қазір біз адам өмірі мен мүлікке келген залалдың ауқымын бағалап жатырмыз, - деді Арья.

Оның айтуынша, жедел іздестіру-құтқару жұмыстары үшін аймаққа армия бөлімшелері, Ұлттық (NDRF) және Мемлекеттік төтенше жағдайларға әрекет ету күштері (SDRF) жіберілді.

Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, қатты жауын-шашын жалғасатынын ескертті.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны