16.05.2025, 12:03 50156
Ақмола облысында екі жүз килограмм жарылғыш заттар тәркіленді
Достарға айту
ҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметінен.
Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған.
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2026, 15:37 4386
Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті
Достарға айту
Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 11:46 6006
Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді.
Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 13:09 41456
Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық әйел Түркияда ұсталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген.
Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 11:50 44811
Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асырады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
2025 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.
Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды.
Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 15:12 48446
Шығын көлемі - 821 миллион теңге: HAS қаржы пирамидасына тағы 125 адам алданып қалған
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.
Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді.
Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар.
Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізді.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 млн теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түсті.
Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын жер учаскелерімен бірге "A.D.A.M. group" ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген.
Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды.
Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.
Тергеу жалғасуда.
Қаржылық мониторинг агенттігі "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 13:52 48951
Түркістан облысында 271 млн теңге ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқырған бір топ тұлғаға сот үкімі шықты
Достарға айту
Түркістан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2020-2023 жылдар аралығында жосықсыз кәсіпкерлер ветеринарлық бақылау жұмысындағы олқылықтарды пайдаланып, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып отырғаны анықталды.
Жекелеген шаруа қожалықтары іс жүзінде үшінші тұлғаларға сатылып кеткен мал туралы "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" (АШЖС) ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өз мақсаттарына пайдаланған.
Атап айтқанда, тек "Б" ШҚ бұрын сатылған 440 бас ірі қара мал (ІҚМ) және 5 088 бас ұсақ мал (ҰМ) туралы мәліметтерді заңсыз пайдаланып, оларға субсидия рәсімдеген.
Анықталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 271 млн теңгені құрады, бұл аса ірі мөлшер болып саналады.
Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізді.
01.10.2025 ж. бес айыпталушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Кінәлілерге 5 жылдан 6 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бюджетке 140 млн теңге өндірілді.
Тексеру көрсеткендей, қаржыны жымқыру ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан мүмкін болған.
Сонымен қатар, прокуратура 300 млн теңгеден астам сомаға қатысты ұқсас жымқыру деректерін тергеп жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 11:43 49186
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 24 млн теңгеден астам сыйақы берілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, есептік кезеңде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның ішінде 860 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру деректеріне қатысты екені анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 21:26 68856
Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды: 4 тонна прекурсор тәркіленді
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.
Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды.
Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2026, 09:52Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды 13.01.2026, 08:51 157362025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді13.01.2026, 12:30 12961Су арналарын цифрландыру: елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн "ақылды" су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі13.01.2026, 11:01 11286Қазақ-словен экономикалық дипломатиясының жаңа серпіні13.01.2026, 12:29 9451Нью-Делидегі халықаралық кітап көрмесінде қазақ әдебиеті таныстырылды
07.01.2026, 09:29 178566Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178431Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады08.01.2026, 10:10 1105162026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі08.01.2026, 11:25 110096Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды08.01.2026, 15:57 108981Отандық өндірушілерге тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығындары өтеледі
17.12.2025, 17:47 232571Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 228066Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226376Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223361Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214376Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

