29.05.2025, 14:19 67011

Ақмола облысында есірткі зертханасын жою кезінде қару мен 150 келі химиялық прекурсорлар тәркіленді

Ақмола облысы прокуратурасының бастамашылығымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 27 мамырда Полиция департаментімен ситетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тінту барысында шамамен 200 грамм синтетикалық есірткі, 150 килограмм химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар, 9 млн теңгеден астам қаражат, сондай-ақ 2 бірлік қару тәркіленді.

42 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәркіленген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігімен, яғни аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Көрсетілген баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды, жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны