26.11.2025, 13:13 23476

Ақтөбе облысында мигранттар ұсталды

Ақтөбе облысында мигранттар ұсталды
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны