08.05.2025, 14:17 45601
Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасынан 100-ден астам адам зардап шеккен
Достарға айту
Harmony Rider Technology" (HRT) инвестициялық жоба ретінде жасырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған бұл ұйым азаматтарға күн сайын 12-ден 690 АҚШ долларына дейін табыс табуды уәде еткен.
Сондай-ақ, жаңа инвесторларды тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынылған. Алайда іс жүзінде төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүзеге асырылып отырған, бұл қаржы пирамидасының айқын белгілерін көрсетеді.
Алаяқтық схема салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады. Ұрланған ақша криптовалюта әмияндарына, содан кейін жеке банк шоттарына аударылған.
Қылмыстық іс аясында 70 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді кәсіпорындарға қаражат салмауға шақырады.
Аталған компанияларды ресми "Baiqa, piramida!" Telegram-боты арқылы тексеруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.06.2025, 19:05 12521
Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін дипфейктерді қолданып жатыр
Достарға айту
Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін дипфейктерді қолданып жатыр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Алаяқтар өзін Ұлттық Банктің, мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырып, сіздің қаражатыңызды ұрлауға тырысады.
Банк күмәнді шоттарға ақша аудармаңыз, күдікті хабарламаларға сенбеуге шақырады.
Ұлттық Банк:
- жеке шоттар жүргізбейді,
- инвестициялық қорларға немесе қаржы өнімдеріне инвестиция салуға шақырмайды.
Күмәнді қоңырау түссе, әңгімені тоқтатып, ақпаратты банк немесе ұйымның ресми нөмірі арқылы өзіңіз тексергеніңіз жөн. Алаяқтарға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 13:04 17831
ШҚО мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқталды
Достарға айту
ШҚО мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті - елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді.
Алайда, 2018-2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы "Технопарк "Алтай" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген.
Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын "Технопарк "Алтай" ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.
Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 10:30 18201
31 млн теңге жымқырды деген күдікті Мәскеуде ұсталды
Достарға айту
Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған күдікті Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.
Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 13:34 28121
Ақтауда ерлі-зайыптылар заңсыз онлайн-лотереяларда 162 млн теңге "табыс тапқан"
Достарға айту
Ақтауда ерлі-зайыптылар заңсыз онлайн-лотереяларда 162 млн теңге "табыс тапқан", деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.
Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.
Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.
Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллион теңгеден асқаны анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 12:59 28656
Бизнесмендерден ақша бопсалағандар ұсталды
Достарға айту
Үстіміздегі жылдың 10 маусымында Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.
Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен.
Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 10:11 28396
"Алтын безгегі": Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
Достарға айту
Қазақстан экономикасының стратегиялық активтерінің бірі болып табылатын бағалы металдардың көлеңкелі айналымына қатысты қылмыстық схемаларды әшкерелеу бойынша Ішкі істер министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әсіресе алтынды заңсыз өндіру, өңдеу орындарын анықтауға және оны шетелге тасымалдау бағыттарын белгілеуге ерекше назар аударылуда. Бұған дейін ІІМ төрт өңірде кен өндірумен айналысқан бірнеше компанияның заңсыз қызметінің жолы кесілгені туралы хабарлаған болатын.
Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл облысында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Ақбақай" кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Топ құрамына жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері кірген. Заңсыз өндіруден бастап өңдеуге және алтын құрамды шикізатты тасымалдауға дейінгі қылмыстық тізбек толығымен әшкереленді. Олардың заңға қайшы әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген залал 400 миллион теңгеден асты. Топ ұйымдастырушысы мен оның сыбайластарын ұстау бір мезгілде елдің төрт өңірінде жүргізілді. Жалпы 50-ден астам адам ұсталды. Шамамен 6 кг алтын тәркіленді, кен өңдейтін 8 жасырын цех жойылды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактілері бойынша тергелуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Алтын контрабандасының арналары, өзге де көлеңкелі айналымдар және түпкілікті бенефициарларды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2025, 17:32 36891
Павлодарда Ұлттық қоры қаражатын ұрлау фактісі анықталды
Достарға айту
Павлодар аудандық прокуратурасы тексеру барысында Павлодар ауданындағы нақты сектор экономика бөлімінің басшысының лауазымын асыра пайдалану фактісін анықтады. Бұл әлеуметтік нысан салу кезінде орын алды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мәлімет бойынша, "Ауыл Ел-Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кеменгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны 382 млн теңге.
Бюджеттік қаражаттың заңсыз жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстардың көлемі үшін 158 млн теңге төленгені анықталды.
Аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша ЕРДР-ға тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізді.
Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы нақты сектор экономика бөлімінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2025, 17:30 37101
Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісі: танысу аяқталды, іс прокуратураға жолданды
Достарға айту
Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісі: танысу аяқталды, іс прокуратураға жолданды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.
Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2025, 14:53Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды 19.06.2025, 14:54 73891Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды16.06.2025, 10:46 69516Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды17.06.2025, 10:35 64946Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 10:29 64511Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады
23.05.2025, 16:58 175341ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды02.06.2025, 17:03 138916Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі05.06.2025, 17:53 133166Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 133011Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты03.06.2025, 14:47 132901Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды