19.06.2025, 13:34 73606

Ақтауда ерлі-зайыптылар заңсыз онлайн-лотереяларда 162 млн теңге "табыс тапқан"

Ақтауда ерлі-зайыптылар заңсыз онлайн-лотереяларда 162 млн теңге "табыс тапқан"
Ақтауда ерлі-зайыптылар заңсыз онлайн-лотереяларда 162 млн теңге "табыс тапқан", деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.

Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.

Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллион теңгеден асқаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны