09.06.2025, 11:04 35056
Абай облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Достарға айту
ҚМА Абай облысы бойынша департаменті "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.
Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.
Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.
Бұл мүлік "инвестициялық жарна" ретінде бағаланған.
Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.01.2026, 17:32 186
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Достарға айту
Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.
Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен. Сонымен қатар ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған.
Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 13:14 1921
ҰҚК Шекара қызметі былтыр 75 млрд теңгеден астам залалдың алдын алды
Сурет: Бейнеден скриншот
Достарға айту
ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізілуінің 17 541 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде:
- есірткі заттары - 344 факті (1,5 тоннадан жоғары);
- қару мен оқ-дәрілер - 847 факті;
- діни әдебиеттер - 315 факті;
- жанар-жағармай материалдары - 5 900 факті;
- халық тұтынатын тауарлар - 8 083 факті;
- валюталар - 2 052 факті.
Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:
- жүзу құралдары - 226 бірлік;
- браконьерлік аулау құралдары - 580 км тор;
- бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376 дана;
- қара балық түрлері - 7 193 дана;
- итбалықтар - 24 дана.
Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.
Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48 шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 12:52 2236
БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылғанын еске саламыз.
Аталған көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған.
Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.
Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.
Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сонымен қатар, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.
Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 18:32 5201
Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлері азаптау ісінде күдіктелуде
Достарға айту
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Сотталғандарды ұстау жағдайларымен байланысты азаптаулар мен қатыгездікке жол бермеу - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдері қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Жабық мекемелерге бару және шағымдарды қарау барысында адам құқықтарының ықтимал бұзылу белгілеріне ерекше назар аударылып, тиісті шаралар қабылданады.
Осылайша, Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдады.
Оның айтуынша, 2025 жылғы маусым айында мекеме қызметкерлері тарапынан азапталғанын хабарлады.
Сонымен қатар қабылдау барысында тағы бір сотталғанның соққыға жығылып, оның жақ сүйегінің сынғаны анықталды.
Аталған жағдайлар бойынша өңірлік өкіл тарапынан жедел түрде тиісті әрекет ету шаралары қабылданды.
Нәтижесінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК-тің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Құқық қорғау институты мекеме қызметкерлерінің әрекеттерінде азаптау белгілерінің болуына байланысты олардың әрекеттерін қайта қарау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінді.
Бас прокуратура аталған ұстанымды қолдап, өткен жылдың соңында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 14:22 6706
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.
Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған.
Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ағымдағы жылдың тамызында күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 12:15 7091
Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Киберқылмысқа қарсы күрес - Ішкі істер министрлігінің басым бағыттарының бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау бойынша полиция бірқатар жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Біздің департамент мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қылмыстың алдын алу бойынша біраз жұмыс атқаруда. Бұрынғы "дәстүрлі" қылмыстар интернет дамыған заманда онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа түрлері шығып жатыр. Бұрынғы ұрлықтардың бәрі онлайнға көшіп, қылмыскерлер жаңа айла пайдаланып, азаматтардың ақшаларын ұрлау үшін интернеттің дамыған техникаларын қолдануда. Мұндай қылмыспен күресуді үш бағытта жүргізу қажет. Ол заңнамалық шаралар, екінші - техникалық шаралар, үшінші - профилактикалық шаралар. Осы шараларды бірлесіп атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталды. Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оның бірі трансұлттық сипатта.
Қазіргі уақытта қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қылмыскерлерден 88 sim-box алынды. Азаматтардың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру басты назарда. Халыққа қылмыстардың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып жатырмыз", - деді спикер.
Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды.
Алаяқтықтың түрі жетерлік. Олардың арбауына түсіп қалмау үшін полиция қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады.
Кибергигиена ұстанған адам мұндай қылмысқа ұрынбайды. Жалған сілтемелерден өтпеу керек. Банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеу керек. Жеке деректерді ешкімге айтпау қажет", - деді Жандос Сүйінбай.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 10:28 11366
ҚМА "АрселорМитталТеміртау" активтерінің ұрлануын тергеп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БАҚ-тан келіп түскен сұрауларға жауап ретінде хабарлаймыз: Қаржылық мониторинг агенттігі ("Qarmet" құқықтық мирасқоры болып табылатын) "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.
Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.
Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы - "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.
Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.
Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 11:54 12716
Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшадан экстрадицияланды
Достарға айту
Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Польшадан адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ол 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінді.
Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды.
Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарымен 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу-сату және кейіннен трансплантациялауды ұйымдастырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Польша шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қылмыстық ұйымның 2 мүшесі Түркия мен Ресейден қайтарылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2026, 11:11Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді 06.01.2026, 12:21 9916Ет экспорты және мал шаруашылығын дамыту: Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді06.01.2026, 10:16 9786Олжас Бектенов: Президент біздің алдымызға ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды06.01.2026, 13:24 8416Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді06.01.2026, 13:54 6251Каспий теңізінің түбіндегі оптикалық кабельдің құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады
30.12.2025, 10:14 134536Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті31.12.2025, 17:05 128631Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 12:02 128021Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады31.12.2025, 09:19 125341Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады30.12.2025, 20:26 124046Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
17.12.2025, 17:47 232086Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227601Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225886Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222891Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213881Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

