04.07.2025, 10:05 80851

Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Ол 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында "Wildberries" компаниясына инвестиция салу сылтауымен және сыйақы уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшалай қаражатын иемденген. Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Ол а.ж. сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны