13.06.2025, 10:05 66891

Алматы облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған курьер ұсталды

Алматы облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған курьер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды тасымалдаған курьерді ұстады.

Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық сызбаның басқа қатысушыларын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны