05.05.2025, 10:23 66331

Алматы облысының прокуратурасы айыппұл тұрағында тәркіленген мүлікті тонау фактісін анықтады

Алматы облысының прокуратурасы айыппұл тұрағында тәркіленген мүлікті тонау фактісін анықтады
Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктерді тонау фактісі анықталды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын "Volvo FH" маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған. Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған.

Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды. Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын "Mercedes E350" маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған.

Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған.

Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны