17.07.2025, 18:09 61601

Алматыда адам ұрлап өлтірді деген екі күдікті ұсталды

Алматыда адам ұрлап өлтірді деген екі күдікті ұсталды
 Биыл 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметінен.

Аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан іздеуде болған.

Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны