12.06.2025, 10:40 70066

Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды

Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды
2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.

Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 кг-дан астам "мефедрон" психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны