13.05.2024, 18:15 24161

Алматыда есірткі зертханасы жойылды

Алматыда есірткі зертханасы жойылды
Сурет: polisia.kz
Алматыда есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырған, бұған Алматының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің деректері дәлел. Ол Алматының Түрксіб ауданында жеке үйді жалға алып, сол жерде синтетикалық есірткіні қайнатқан.

Үйді тінту кезінде 1 келі кристалды зат, 20-дан астам металл канистрлер, белгілі бір иісі бар ішіне сұйықтық құйылған шыны бөтелкелер, оралған есірткі қораптары, пайдаланылған респираторлар, шикізатты араластыруға бейімделген электрлі бұрғы, электронды таразылар, өлшеуіш стақан, зертханалық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Күдікті жұмыс берушімен интернет арқылы хабарласқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 4 келі 100 грамм синтетикалық мефедрон есірткі заты. Күдікті қамауға алынды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.


Сондай-ақ полиция, жыл басынан бері Алматыда синтетикалық есірткі шығаратын 4 зертхананың жойылғанын еске салды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны