30.04.2025, 09:36 60371

Алматыда іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Алматыда іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Түркияның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны