23.04.2025, 17:58 56891

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Заң және Тәртіп" қағидаты шеңберінде ішкі істер органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны