28.04.2025, 14:05 54776
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.
Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.
Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты.
Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.
Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.01.2026, 13:09 486
Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық әйел Түркияда ұсталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген.
Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 11:50 3841
Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асырады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
2025 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.
Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды.
Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 15:12 7476
Шығын көлемі - 821 миллион теңге: HAS қаржы пирамидасына тағы 125 адам алданып қалған
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.
Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді.
Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар.
Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізді.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 млн теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түсті.
Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын жер учаскелерімен бірге "A.D.A.M. group" ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген.
Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды.
Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.
Тергеу жалғасуда.
Қаржылық мониторинг агенттігі "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 13:52 7981
Түркістан облысында 271 млн теңге ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқырған бір топ тұлғаға сот үкімі шықты
Достарға айту
Түркістан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2020-2023 жылдар аралығында жосықсыз кәсіпкерлер ветеринарлық бақылау жұмысындағы олқылықтарды пайдаланып, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып отырғаны анықталды.
Жекелеген шаруа қожалықтары іс жүзінде үшінші тұлғаларға сатылып кеткен мал туралы "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" (АШЖС) ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өз мақсаттарына пайдаланған.
Атап айтқанда, тек "Б" ШҚ бұрын сатылған 440 бас ірі қара мал (ІҚМ) және 5 088 бас ұсақ мал (ҰМ) туралы мәліметтерді заңсыз пайдаланып, оларға субсидия рәсімдеген.
Анықталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 271 млн теңгені құрады, бұл аса ірі мөлшер болып саналады.
Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізді.
01.10.2025 ж. бес айыпталушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Кінәлілерге 5 жылдан 6 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бюджетке 140 млн теңге өндірілді.
Тексеру көрсеткендей, қаржыны жымқыру ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан мүмкін болған.
Сонымен қатар, прокуратура 300 млн теңгеден астам сомаға қатысты ұқсас жымқыру деректерін тергеп жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 11:43 8216
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 24 млн теңгеден астам сыйақы берілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, есептік кезеңде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның ішінде 860 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру деректеріне қатысты екені анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 21:26 27886
Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды: 4 тонна прекурсор тәркіленді
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.
Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды.
Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 17:32 28576
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Достарға айту
Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.
Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен. Сонымен қатар ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған.
Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 13:14 30671
ҰҚК Шекара қызметі былтыр 75 млрд теңгеден астам залалдың алдын алды
Сурет: Бейнеден скриншот
Достарға айту
ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізілуінің 17 541 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде:
- есірткі заттары - 344 факті (1,5 тоннадан жоғары);
- қару мен оқ-дәрілер - 847 факті;
- діни әдебиеттер - 315 факті;
- жанар-жағармай материалдары - 5 900 факті;
- халық тұтынатын тауарлар - 8 083 факті;
- валюталар - 2 052 факті.
Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:
- жүзу құралдары - 226 бірлік;
- браконьерлік аулау құралдары - 580 км тор;
- бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376 дана;
- қара балық түрлері - 7 193 дана;
- итбалықтар - 24 дана.
Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.
Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48 шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.01.2026, 12:042025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 09.01.2026, 09:41 3806Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады09.01.2026, 11:50 3621Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды09.01.2026, 10:45 3561М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік09.01.2026, 15:43 426Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
06.01.2026, 20:48 115056Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі06.01.2026, 20:02 112146Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті06.01.2026, 19:34 1017812026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық06.01.2026, 16:21 99446ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу06.01.2026, 18:39 96881Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
17.12.2025, 17:47 232241Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227756Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226041Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223036Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214036Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

